Жаңалықтар

Бразилияның Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысуы

Бөлісу

Нұр-сұлтан, 2022 жылғы 15 қыркүйек – Бразилия Планетарлық одағының Президенті Исис Мария Боргес де Ресенде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің секциялық отырысында «Әйелдің әл-ауқат пен қазіргі қоғамның тұрақты дамуына қосқан үлесі және әйелдің әлеуметтік мәртебесін қолдаудағы діни қоғамдастықтардың рөлі» тақырыбында баяндама жасады.

Бразилия Планетарлық одағының Президенті өз сөзінде ұйымдастырушыларға ресми шақыруы үшін алғыс айтып, Қазақстан астанасында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізу барлық діни қауымдар арасындағы өзара түсіністік пен құрметті нығайтып, планетамызда бейбітшілік пен үйлесімділікті қамтамасыз ететіндігін атап өтті. Сонымен қатар, Исис Мария қазіргі заманғы прогрессивті әлемде әйел әлемнің әртүрлі мемлекеттерінің әлеуметтік, саяси және экономикалық салаларын дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Анықтама: 2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Нұр-Cұлтан қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Рим Папасы Францисктің қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтті. VII Съездің басты тақырыбы – "Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының пандемиядан кейінгі кезеңдегі адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы рөлі". Съезд жұмысына 100-ге жуық делегация қатысуда.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/426595?lang=kk