2022 жылдың 7 қазанында Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің 220 аудиториясында «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ-тың Дінтану зерттеулер департаментінің аналитик-менеджері Мейрам Қикымбаев дәрісі өтті.
Дәрістің тақырыбы – «Қазақстан Республикасындағы исламдық ғибадат орындарының тарихы мен дамуы». Дәріс барысында тәуелсіздік жылдарындағы мешіттердің сандық деректері мен өсу динамикасы ұсынылды, қазақстандық мешіттердің қоғамдық кеңістік ретінде қалыптасу кезеңдері мен спецификасы, сондай-ақ мемлекеттің, діни институттардың және түрлі қауымдастықтардың осы бағыттағы партисипация процестерінің ерекшеліктері қарастырылды.
Дәріске Философия кафедрасының оқытушылары мен докторанттары қатысты.
https://fsn.enu.kz/post/na-fakul-tete-social-nyh-nauk-proshla-gostevaya-lekciya