Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің екінші күні өтіп жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Ватикан басшысы, Рим Папасы Франциск әлемнің түкпір-түкпірінен келіп өздерінің діндері мен мәдениетін көрсеткендерге ризашылығын білдірді.
Осы уақыттың ішінде бір-бірімізбен қарым-қатынас орнатып, диалог үшін алғыс білдіремін. Пандемиямен ғана емес, соғыс өртімен күрделеніп отырған әлемде өмір сүріп отырмыз. Жек көрушілік, бөлінушілік өте көп. Диалог пен бір-бірін түсіну аз болып отыр. Қазіргі кезеңде бұл өте қауіпті. Біз осылай жан-жаққа тартып жүрсек, алға жылжу мүмкін емес. Сондықтан біз бейбітшілік пен бірлікке бірге ұмтылуымыз керек, - деді Рим папасы.
Понтифик съезді ұйымдастырған жергілікті билікке алғыс айтты.
Қазақстан халқына достық көңілі және басқа да мәліметті қабылдауға дайын, өзінің тарихы мен құнды дәстүрін сақтауға әрқашан бейім халық ретінде алғыс білдіремін. Менің сапарымның ұстанымы – бейбітшілік пен бірліктің елшілері болу. Бұл көпше түрде айтылған ұстаным. Себебі барлығымыздың жолымыз бір. Бұл – жетінші съезд. 2003 жылы бұл оқиға бүкіл әлем бейбітшілігі үшін табыну күні болды. Халық арасындағы діни дәстүр сақтала отырып, өткізілді, - деді Рим папасы.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші Съезі 2003 жылы Қазақстанның астанасында өтті. Кейінгі съездер үш жылда бір рет 2006, 2009, 2012, 2015 және 2018 жылдары ұйымдастырылып, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналды.
https://baq.kz/qazaqstan-ozinin-tarihy-men-qundy-dasturin-saqtauga-beyim-rim-papasy-287333/