Қаз

Жаңалықтар

Джо Уэллс: Діндер съезі - бейбітшілікті нығайтуда маңызды рөл атқаратын алаң

Бөлісу

Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің екінші күні өтіп жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіндегі Англикан шіркеуінің арнайы өкілі, Доркинг епископы Джо Бейли Уэллс съездің декларациясын оқып берді. 

Дін басшылары мен халықаралық ұйым өкілдері әділ, бейбіт және қауіпсіз, гүлденген әлемге деген ортақ ұмтылысымызды басшылыққа ала отырып, адамзаттың рухани және әлеуметтік жалпыға ортақ құндылықтардың маңыздылығын бекіте отырып, әлеуметтік және діни айырмашылық негізінде өшпенділік, жанжалдарға қарсы тұра отырып, қайырымдылық, мейірімділік пен әлеуметтік ынтымақтастық арқылы адамдарды жақындастыратын атай отырып, лаңкестік, терорризмді айыптай отырып Діндер съезін халықаралық диалог алаңына айналдыра отырғанын атап өткіміз келеді, - деді ол.

Джо Бейли Уэллс қатысушылар ортақ ұстанымға келгенін айтты. 

Біз Діндер лидерлерінің съезі мәдениет пен өркениет арасындағы диалог үшін діндер съезі өз жұмысын жалғастыру үшін бар күшімізді саламыз. Діндер лидерлерінің съезі бейбітшілікті нығайтуда маңызды рөл атқаратын алаң, - деді Джо Бейли Уэллс.

Съезден ақпарат таратуға 300 БАҚ тіркелген. Оның ішінде Рим папасымен келген 81 журналист бар. 

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші Съезі 2003 жылы Қазақстанның астанасында өтті. Кейінгі съездер үш жылда бір рет 2006, 2009, 2012, 2015 және 2018 жылдары ұйымдастырылып, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналды.

https://baq.kz/dzho-uells-dinder-sezi-beybitshilikti-nygaytuda-manyzdy-rol-atqaratyn-alan-287330/