Жаңалықтар

Еліміз көпконфессиялы мемлекетті құру үшін барлық күш-жігерін жұмсап келеді – Әбдірахманов

Бөлісу

Бұл туралы елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Қайрат Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан халқы тұрақты көпұлтты, көпконфессиялы елді құру үшін барлық күш жігерін жұмсап келе жатыр. Пленарлық отырыстардың бірінде  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, біздің  тарапымыздан айтылған барлық күш-жігерімізбен саяси-әлеуметтік салаларда қабылданып отырған бүкіл шара  әділетті қоғамды құру үшін бағытталған. Осыған орай ауқымды аудитория тарту біздің басты мақсатымыз. Біз алуантүрлілік дегеніміз - бірліккке қол жеткізудің алғышарты екенін атап көрсетеміз. Әлеуметтік бірлікті  қамтамасыз ету үшін мемлекет пен үкімет нақты сындарлы, шешуші іс-шараларды қабылдау керек, - деді спикер.

Әбдірахмановтың айтуынша,  еліміз ең алдымен  кемтісушілік пен жеккөрушіліктің барлық салдарымен күресудің түрін айқындау керек.

Бүкіл азамат пен қоғамдастықтарда адам құқығының тепе-теңдігін қалыптастыруымыз керек. Сол себепті құқықтары тапталған қоғам мүшелерінің құқығын қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Сонымен бірге халықтың  тең құқығын қамтамасыз ету үшін тек қана мемлекет тарапынан емес, халық тарапынан да пәрменді іс-шаралар алға тартылуы керек. Мұндай серпінді процеске қоғамның барлық мүшесі атсалысқаны абзал, - деді Қайрат Әбдірахманов.

https://baq.kz/elimiz-kopkonfessiyaly-memleketti-quru-ushin-barlyq-kush-zhigerin-zhumsap-keledi-abdirahmanov-287231/