Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі аясында өтетін кейбір іс-шараларға астана тұрғындары мен қонақтары қатыса алады,деп хабарлайды BAQ.KZ.
12 қыркүйек күні «Бәйтерек» монументінің жанында этнофестивальдің ашылуы болады.
«The Voice of the Great Steppe» – заманауи этникалық музыка жанрындағы мәдени жоба. Осы жерде «Шеберлер ауылы» ұйымдастырылып, ұлттық нақыштағы экспозициялар орнатылады. Фестиваль 16 қыркүйекке дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты күн сайын 10:00-ден 19:00-ге дейін. Ал 14 қыркүйек күні ЭКСПО аумағындағы Стелла алдында Рим Папасының қатысуымен қасиетті месса өтеді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, діни рәсімге қатысу үшін тіркеуден өту қажет. Шара сағат 16:45-те басталады.
https://baq.kz/elordada-otetin-sezd-ayasyndagy-is-sharalarga-turgyndar-qatysa-alady-286983/