2022 жылғы 17 тамызда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев онлайн форматта Татарстан Республикасы Болгар ислам академиясы ректорының м. а. Тимерхановпен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты - дінаралық және мәдениетаралық диалог саласында өзара ынтымақтастықты жүзеге асыру.
Меморандум ақпарат, тәжірибе алмасу, бірлескен жобалар мен іс-шараларды іске асыруды, кездесулер, форумдар мен конференциялар ұйымдастыруды көздейді.
Тараптар Меморандум мәдениеттер, діндер мен өркениеттерді халықаралық деңгейде біріктіру жөніндегі миссияны бірлесіп іске асыруға серпін беретінін атап өтті.
Меморандумға қол қою барысында Б.Сәрсенбаев биылғы жылдың 14-15 қыркүйегінде Қазақстан астанасында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың қатысуымен өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезін ұйымдастыру және оған дайындық жұмысы туралы айтып берді. 13 қыркүйекте ҚР Парламенті Сенатының спикері, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы М.Әшімбаевтың төрағалығымен Съезд Хатшылығының XX отырысы өтеді. Сондай-ақ, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің бірегей диалог алаңы барлық конфессиялар мен діндер арасында толеранттылық, ашықтық, өзара құрмет және сенім идеяларын ілгерілетуге бағытталғаны атап өтілді.
Сонымен қатар, А.Тимерханов Академияның Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі бастамаларын қолдайтынын, сондай-ақ рухани дәстүрлер мен құндылықтарды дәріптеуде одан әрі өзара әріптестікті нығайтуға ниетті екенін атап өтті.
Осы жылдың 19-21 мамырында Орталық Басқармасының Төрағасы Б.Сәрсенбаев Еділ бұлғариясының Исламды қабылдауының 1100 жылдығына арналған «Ресей - ислам әлемі: «KazanSummit 2022» XIII Халықаралық экономикалық саммитіне қатысты. Съезді Саммит аясында халықаралық аренада одан әрі ілгерілету мақсатында Басқарма Төрағасы «Болгар ислам академиясы» жоғары білім беру ұйымының мұсылман діни ұйымы ректорының м.а. Тимерхановпен дінаралық диалогты дамыту саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Тараптар өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға шешім қабылдап, бірлескен жобаларды одан әрі іске асыруға жан-жақты дайындықтарын білдірді.
Анықтама:
Болгар ислам академиясы 2015 жылдың 4 қарашасында Татарстан Республикасы Президентінің «Болгар Ислам академиясын құру және Құдай Анасының қазан белгішесінің соборын қайта құру» туралы Жарлығымен құрылды. Академия отандық исламдық білім беру жүйесіндегі жоғары буынды көрсетеді.
Бүгінде бұл-заманауи жетекші ғылыми-білім беру орталығы. Негізгі стратегиялық міндеттердің бірін шешуге бағытталған – жоғары білікті және бәсекеге қабілетті дін қайраткерлерін, отандық Ислам мен Ресейдің (Татарстан Республикасы) мұсылман үмбетінің Кадрлық элитасын құруға арналған теолог ғалымдарды даярлайды.