Жаңалықтар

Испандық сарапшылар Қазақстанның саяси және экономикалық жаңғыруына жоғары баға беруде

Бөлісу

Мадрид (Испания), 2022ж. 30 маусым – Мадридтің Корольдік экономикалық қоғамдастығында «Кең ауқымды саяси және экономикалық реформалардың үйлесімі – Жаңа Қазақстанның негізі» атты конференция өтті.

Іс-шараға Сыртқы істер министрлігінің жоғары лауазымды тұлғалары, Испанияда аккредиттелген дипломаттар, бизнес қауымдастығы, БАҚ, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Константин Жигалов, Испандық дипломатиялық форумының жетекшісі Х.Л.Исагирре, тарих ғылымдарының докторы, СЕУ Сан-Пабло университетінің профессоры Хосе Луис Орейа, «21-ші ғасырдағы дипломатия» басылымының басшысы Сантьяго Вело де Антело, СЕУ Сан-Пабло университетінің профессоры Хуан Карлос Ньето конференцияда сөз сөйледі. Конференцияны Корольдік қоғам директорлар кеңесінің мүшесі Антонио Гарсиа Гонсалес жүргізді.

К.Жигалов испан тарапына Президент Қ.К.Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар туралы айтты. Іс-шараға қатысушыларға елді одан әрі демократияландыруға, «Жаңа Қазақстан» – қуатты азаматтық қоғамы бар тиімді мемлекет құруға бағытталған ҚР жалпыхалықтық референдумның мазмұны мен нәтижелерін сипаттайтын презентация көрсетілді.

К.Жигалов Мемлекет басшысының стратегиясы саяси және экономикалық реформалардың үйлесімінде негізделіп жатқанын атап өтті. Ол Дүниежүзілік банктің қатысуымен әзірленген ҚР 2026 ж. дейінгі инвестициялық саясатының жаңа тұжырымдамасының негізгі бағыттарына тоқталып, атап айтқанда, «Ready for trade – Central Asia» жобасының аясында Қазақстанның ұлттық ақпараттық порталының алдағы уақытта іске қосылуы туралы хабардар етті.

Тарих ғылымдарының докторы Х.Л.Орейа тәуелсіздік алғаннан кейін 30 жыл ішінде Қазақстан бірнеше тарихи кезеңдерді бастан өткеріп, алдында тұрған стратегиялық міндеттерді дәйекті түрде шешкенін атап өтті. Осы орайда Президент Қ.Тоқаевтың «Жаңа кезеңде елдің тұрақты дамуы мен ауқымды әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар саяси жаңғыртусыз мүмкін емес» деген өзекті тезисі қазақ қоғамының түбегейлі өзгерістерге деген сұранысына жауап береді және ҚР-дың еуропалық әріптестерімен құпталады деп толықтырды.

Профессор Х.К.Ньето Мемлекет басшысының БАҚ-ты дамыту жөніндегі саясатына ерекше назар аударды. Президент Қ.Тоқаевтың бұқаралық ақпарат құралдары халықты біріктіретін де, жікке бөлетін де фактор бола алады деген пікірімен келісе отырып, ол Қазақстан басшысының ұстанымымын қолдап, оған сәйкес кәсіби, адал және объективті журналистика «Жаңа Қазақстанның» негізгі тіректерінің біріне айналуы тиіс деді.

Сондай-ақ К.Жигалов жиналғандарды Қазақстан басшылығының сындарлы сыртқы саясаты мен биылғы жылдың басты халықаралық оқиғалары туралы хабардар етті. Осыған орай конференцияда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының төрағасы Болат Сәрсенбаев бейне үндеу жолдады. Ол көпшілікті Нұр-Сұлтан қаласында ү.ж. қыркүйек айында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі туралы ақпараттандырды.

        

 

Қазақстанның Испаниядағы Елшілігі