Ү.ж. 27 маусымда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б. Сәрсенбаевтың Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапары шеңберінде Нью-Йорк қаласының мэриясында «Нью-Йорк Қазақстанды қошеметтейді: Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстанның Вашингтондағы Елшісі Е. Ашықбаев, Н. Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Б. Сәрсенбаев, Этникалық өзара түсіністік қорының Президенті Раввин Марк Шнайер, Нью-Йорк қаласы мэриясының, діни бірлестіктердің, ғылыми орта мен БАҚ өкілдері қатысты.
Б. Сәрсенбаев қатысушыларды 2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін ұйымдастырудағы орталықтың дайындық жұмыстары туралы хабардар етті.
Басқарма Төрағасы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі бүкіл адамзат үшін бейбіт болашақ құру жолындағы негізгі фактор болып табылатын дінаралық және өркениетаралық диалогты одан әрі ілгерілетуге ықпал ететінін атап өтті.
Өз кезегінде, Елші Е. Ашықбаев Съезд қазіргі заманның ең өзекті мәселелері бойынша сындарлы диалогты қамтамасыз ететін әмбебап жаһандық дінаралық диалог алаңы болып табылатынын атап өтті.
Іс-шара соңында Б. Сәрсенбаев дөңгелек үстел ұйымдастырғандары үшін Е. Ашықбаевпен раввин Марк Шнайерге алғыс білдірді.
Сондай-ақ, ресми қабылдауда Нью-Йорк қаласының мэриясы, діни бірлестіктері, ғылыми орта мен БАҚ өкілдері үшін Н. Назарбаев Орталығының қызметі, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің негізгі даму кезеңдері туралы имидждік материалдар - бейнероликтер, брошюралар, ақпараттық топиктер, алты Съездің және олардың қатысушыларының мұрағаттық фотосуреттері ұсынылды.
Сонымен қатар, Б. Сәрсенбаев Нью-Йорк қаласына жұмыс сапары аясында VII Съезге шақырылған «Діндер бейбітшілік үшін» ҮЕҰ Бас хатшысы Азза Карам, Өркениеттер алмасу және ынтымақтастық қорының Президенті және негізін қалаушы Имам Мохамад Башар Арафатпен кездесулер өткізді.
Кездесу барысында Басқарма Төрағасы орталықтың қызметі, халықаралық діни ұйымдар және институттармен діни мәселелер бойынша зерттеулер мен сараптама жүргізудегі белсенді ынтымақтастық туралы, сондай-ақ әл-Азхардың жоғарғы имамы Шейх Ахмед Эль-Тайеб, Рим Папасы Франциск, Патриарх Кирилл және басқа дін қайраткерлерін қоса алғанда, 58 мемлекеттен 130-дан астам делегация қатысатын Съезге дайындық туралы хабардар етті. «Біз күрделі мәселелер бойынша тікелей диалог үшін әртүрлі діни сенім адамдарын бір үстелге біріктіруге тырысамыз», - деді Б. Сәрсенбаев.
Азза Карам мен Имам Мохаммад Башар Арафат алдағы Съездің жұмысына белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.
Тараптар ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың практикалық жолдарын талқылады.
Н. Назарбаев орталығы мен «Діндер бейбітшілік үшін» Дүниежүзілік конгресі арасында қол жеткізілген уағдаластықтардың қорытындысы бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою жоспарлануда.