Жаңалықтар

Әлемдік жетекші БАҚ өкілдері Н. Назарбаевтың орталығында болды

Бөлісу

Ү.ж. 3 маусымында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев ҚР Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған баспасөз туры аясында Қазақстанға келген шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті.

Кездесуде жетекші халықаралық 20 елдің ақпараттық агенттіктері, басылымдар мен телеарналардың  журналистері бар. Олардың арасында

«VERELQ» (Армения), «EURACTIV.com» (Бельгия), «Гза момавлиса» («Болашаққа жол») (Грузия), «Al Gomhuria» («Республика») (Египет), «Jerusalem Post» (АҚШ), «Adnkronos», «Domani» (Италия), «АКИpress» (Қырғызстан), «Neatkarīgā Rīta Avīze» («Тәуелсіз таңертеңгілік газеті») (Латвия), «Lietuvos rytas» («Литва Таңы») (Литва), «Монцамэ» (Моңғолия), «Daily Islamabad Post», «DNA News Agency», «Centreline» (Пәкістан), «WNP.PL» (Польша), «Аргументы и факты», «Наша Версия», «Комосомольская правда» (Россия), «STV Info Media» (Сербия), «Financne noviny», «Stories and Features» (Словакия), «International Policy Digest» (АҚШ), «Podrobno.uz» (Өзбекстан), «NAŠE PRAVDA» (Чехия), «The Korean Herald» (Южная Корея).

Кездесу барысында Болат Сәрсенбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл ретінде шетелдік қонақтарды Орталық қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Сондай-ақ осы жылдың қыркүйек айында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне дайындық туралы хабардар етті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халыққа Жолдауында атап өткендей, қазір Қазақстан мүлде жаңа дәуірге қадам басты. Соған сәйкес қоғамдық өмірдің барлық саласы түбегейлі өзгеруде. Жаһанды тұрақсыздық жайлап, көптеген жаңа сын-қатер пайда болып жатқан кезде біз бағдарымызды бекемдеп, болашаққа көзқарасымызды айқындай  түсуіміз қажет»,- деді Б. Сәрсенбаев.

Сонымен бірге Орталықтың Басқарма Төрағасы қазақстандықтар үшін Референдум өткізудің маңыздылығын атап өтіп, конституциялық реформа Президент Қ.Тоқаевтың 2019 жылдан бергі барлық саяси реформаларының қисынды жалғасы болып табылатынын айтты.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Б.Сәрсенбаев Съезд халықаралық аренада келісім мен толеранттылық, өзара түсіністік пен ынтымақтастық қағидаттарын нығайту жөніндегі бірегей диалог алаңы болып табылатынын атап өтті.

Өз кезегінде, журналистер конфессияаралық диалог саласындағы Н.Назарбаев орталығымен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін білдірді.

БАҚ өкілдері Қазақстанда дінаралық және конфессияаралық келісімнің өзіндік моделін құруға мүмкіндік берген бейбітшілік, бірлік және келісім идеологиясын ерекше атап өтті.