Жаңалықтар

“Әлем және руханият – менің көзіммен” байқауы қорытындыланды

Бөлісу

Н. Назарбаев орталығында «Әлем және руханият – менің көзіммен» атты балалар сурет байқауының жүлдегерлері марапатталды.

27 мамырда Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығында «Әлем және руханият менің көзіммен» атты сурет байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Байқау Н. Назарбаев орталығы тарапынан Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы мен елордалық Суретшілер одағының қолдауымен 2022 жылғы 18 сәуір –  23 мамыр аралығында «Балалар жылы» аясында ағымдағы жылдың қыркүйегінде өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі С. Егізбаев, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б. Сәрсенбаев, ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Е. Оңғаров, Нұр-Сұлтан қаласындағы мәртебелі Мария Архиепархиясының Архиепископ-митрополиті Т. Пэта, Қазақстандағы Евангелиялық-лютерандық шіркеудің Архиепископы Ю. Новгородов және сондай-ақ Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың, БАҚ өкілдері мен елордалық мектептердің оқушылары, олардың ата-аналары мен оқытушылары қатысты.

«Мемлекет Басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев 2022 жылды балалар жылы деп жариялаған болатын. Жаңа Қазақстан «Рухани Эвересттің» шыңдарын бағындырмақ. Бүгін Қазақстан әлемге қарапайым жолмен, бірақ келісімде, жанжалсыз өмір сүруге және диалог процесінде қайшылықтарды шешуге болатынын көрсетіп отыр. Ос ыретте көпконфессиялықты сақтай отырып, бірлікке қол жеткізу маңызды. Байқаудың барлық қатысушыларын келе жатқан Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын», – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі С. Егізбаев.

Нұр-Сұлтан қаласының 28 мектебінен барлығы 78 қатысушыдан 83 жұмыс келіп түсті.

Байқаудың қазылар алқасы қатысушыларды жасына қарай 2 топқа бөлді: бірінші топта 7 жастан 10 жасқа дейінгі балалар, екінші топты 11 – 16 жас аралағындағы қатысушылар.

https://kazislam.kz/alem-zhane-ruhaniyat-mening-kozimmen-bajqauy-qorytyndylandy/