2022 жылғы 27 мамырда Н.Назарбаев конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталығы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған "Әр түрлі елдердің татулығы мен бірлігі" фотокөрмесінің ресми ашылуын өткізді.
Фотокөрменің мақсаты-толерантты дүниетанымды қалыптастыруға және әлемнің түрлі халықтарының діндері мен мәдениеттеріне құрметпен қарауға ықпал ету, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты нығайтуға, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдаудағы бірлескен жауапкершілікке ықпал ету.
Фотокөрмеге түрлі ұлт өкілдерінің зергерлік бұйымдары, этнографиялық заттар, фотокартиналар, суретші-мүсінші Мәлік Әбділдиннің авторлық жұмысының фарфор мүсіндерінің коллекциясынан тұратын музей заттары ұсынылды.
Фотокөрме шетел халықтарының бірлігі, толеранттылық, дінаралық келісім тақырыбын, ортақ рухани адами құндылықтар мен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы — азаматтық теңдік төңірегінде топтасуды, қазақстандық бірегейлік пен бірлік іргетасы — мәдени, этностық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық құндылықты бейнелейді.
Фотокөрменің ашылуына Ақпарат және қоғамдық даму министрі министрі С.Егізбаев, Орталықтың Басқарма төрағасы Б.Сәрсенбаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасының орынбасары Б.Бакіров, ҚМДБ-ның Наиб-мүфтиі Е.Оңғаров, Нұр-Сұлтандағы әулие Марияның Рим-Католик Архиепархиясының архиепископы Т.Пэта, Қазақстандағы Евангелиялық-лютерандық шіркеудің архиепископы Ю.Новгородов, Бахаи қауымдастығының өкілі Ә.Сәбит, «Вон буддистердің Алматы шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің өкілі Э.Ким, "Вайнах "шешен-ингуш этномәдени орталығы" ҚБ төрағасының орынбасары А.Сагов, сондай-ақ Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Германия және Иранның Қазақстандағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары мен өкілдері қатысты.
Жалпы, көрмеге қатысушылар конфессияаралық және дінаралық диалогты халықаралық деңгейде ілгерілетудің маңыздылығын атап өтіп, іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.