Жаңалықтар

Вильнюстегі дөңгелек үстелге қатысушылар: Қазақстан бүкіл әлемге дінаралық келісімнің үлгісін көрсетуде

Бөлісу

Вильнюс, 2022 жылғы 12 мамыр - ҚР Елшілігі ағымдағы жылдың қыркүйек айында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне арналған «Бейбітшілік пен келісім үшін конфессияаралық диалог» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Қазақстандық дипломаттар әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің тарихы мен миссиясы туралы айтып берді, ол қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен қауіптердің ушығуы аясында өзінің өзектілігін және ұлғайған қажеттілігін дәлелдеді.

Вильнюс Еврей діни қоғамдастығының төрағасы Симас Левин Қазақстан дінаралық келісім контексінде әлемдік қоғамдастық үшін үлгі болып табылатынын атап өтті. Алматы қаласына бірнеше рет барған кезде ол қазақстандықтардың барлық діни конфессияларға деген толерантты көзқарасына назар аударды.

Қарайым қауымының басшысы Юрий Шпаковский Президент Қ.Тоқаев бастаған ел басшылығының толеранттылықты, этносаралық және конфессияаралық диалогты ілгерілетуге бағытталған саясатының перспективалылығын атап өтті.

Өз кезегінде Литва Бас мүфтиінің орынбасары Ромулдас Криницкас дөңгелек үстел ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді, бұл Қазақстанның діндер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған күш-жігері туралы көбірек білуге мүмкіндік берді.

Іс-шара барысында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 19 жыл ішіндегі Съезі, сондай-ақ осы конгресті өткізу үшін арнайы салынған Бейбітшілік және келісім сарайы туралы бейнебаян көрсетілді. 

Жалпы, дөңгелек үстелге қатысушылар барлық қазақстандықтардың діни және этномәдени тиесілігіне қарамастан, жалпыұлттық бірлік пен келісімнің бірегей формуласын жоғары бағалады.

Дереккөз: Қазақстанның Литвадағы Елшілігі www.gov.kz