Таллинн, 2022 жылғы 29 сәуір – Қазақстанның Эстониядағы Елшілігінде эстондық БАҚ өкілдері үшін брифинг өтті, оның барысында ағымдағы қоғамдық-саяси және экономикалық процестер, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру барысы туралы ақпарат берілді.
ҚР Елшісі Нұрлан Сейтімов «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған Қазақстандағы саяси жүйенің трансформациясы аясындағы саяси реформалар бағдарламасының негізгі ережелері туралы айтты. Сонымен қатар әлемдегі күрделі геосаяси жағдайдың жағымсыз салдарын еңсеруге бағытталған негізгі әлеуметтік-экономикалық шаралар тізбеленді.
Бұған қоса, қазақстандық дипломат елімізде конфессияаралық келісім мен өркениетаралық диалогты ілгерілету аясында 2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі туралы хабардар етті. Оған, әлемнің ірі діни ұйымдардың делегациялары қатысады деп күтілуде.
Өз кезегінде эстон журналистері Қазақстандағы өзгерістерге үлкен қызығушылық танытты.
Дереккөз: Қазақстанның Эстониядағы Елшілігі www.gov.kz