14 сәуірде Н.Назарбаев Орталығының Төрағасы Б.Сәрсенбаев пен АҚШ –тың «LAN Community» үкіметтік емес ұйымының президенті У. Кьюсак арасында онлайн кездесу өтті.
Онлайн кездесу барысында Орталық төрағасы Болат Сәрсенбаев У. Кьюсак мырзаға 2022 жылдың 14-15 қыркүйегінде өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне шақыртуды қабыл алып, қатысатынын растағаны үшін алғысын білдірді.
Тараптар негізгі міндеттерді талқылай келе, «LAN Community» ҮЕҰ және жыл сайынғы халықаралық діни бостандық саммиті сияқты алаңдарында, сондай-ақ түгел АҚШ аумағында әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі идеясын ілгерілетіп, әріптестік қатынастар орнату туралы келісті.
Өз кезегінде, У. Кьюсак мырза Орталық төрағасы Сәрсенбаевқа ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдіріп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлемдегі дінаралық келісімді қамтамасыз етудегі дәйекті саясатын атап өтті. Сондай – ақ, «LYN Community» басшысы жаһандық конфессияаралық алаң-Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің бірегейлігін атап өтіп, бейбіт диалог пен келісімді халықаралық деңгейде ілгерілетудегі қазақстандық бастамаларды қолдауға дайын екенін білдірді.
Тараптар ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін жақын арада тағы бір онлайн кездесу өткізуге келісті.