Жаңалықтар

«Бейбітшілік пен келісім үшін конфессияаралық диалог» тақырыбына Венгрияда дөңгелек үстел өтті

Бөлісу

2021 жылдың 6 желтоқсанында Будапештте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының қолдауымен Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшілігі  "Бейбітшілік пен келісім үшін конфессияаралық диалог" тақырыбында бейнеконференция форматында дөңгелек үстел өткізді. 

Іс-шараның алғы сөзін ҚР Венгриядағы Елшісі Ж.Әбдірашов пен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев бастады. 

Дөңгелек үстел барысында Венгрия тарапынан христиандарға және Венгрияға көмек көрсету бағдарламасы мәселелері жөніндегі мемлекеттік хатшы Т.Азбей, Венгрия шіркеулерінің Экуменикалық кеңесінің Бас хатшысы В. Фишл, Венгрия мұсылмандары бірлестігінің төрағасы З.Шулок және Венгрия Сыртқы істер және сауда институтының бас кеңесшісі Л. Ваша баяндама жасады.

Қазақстан тарапынан ҚМДБ төрағасының орынбасары Е.Оңғаров, Қазақстанның католик епископтары конференциясының баспасөз хатшысы П.Пытлованы және ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, Н. Назарбаев Қорының Атқарушы Директорының Орынбасары, ҚР атынан Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясының мүшесі И. Рогов сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелге қатысушылар талқылау барысында діндер, мәдениет пен өркениет саласының өзекті мәселелерін атап өтті, бейбітшілік пен өзара түсіністік үшін дінаралық диалогты одан әрі ілгерілету қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.

Естеріңізге сала кетейік, дөңгелек үстел Қазақстан басшылығының Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін ілгерілету жөніндегі бастамаларын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.