2021 жылдың 25 қарашасында Иорданияға жұмыс сапары барысында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев "Aal al-Bayt" Ислам ойы корольдік институтының бірінші орынбасары Набил Әл-Сахебпен кездесті.
Кездесу барысында, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл, Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев "Aal al-Bayt" Ислам ойы корольдік институтының бас директоры Минвар әл-Михейдке Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Съезд Хатшылығының Басшысы М. Әшімбаев атынан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінің жұмысына ресми шақыруды тапсырды.
Б.Сәрсенбаев 2022 жылдың 14-15 қыркүйегінде Нұр-сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне дайындық туралы айтып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық іс-шараларды өткізу жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, ҚР СІМ және ҚР АҚДМ қолдауымен жыл соңына дейін Н.Назарбаевтың орталығы Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерімен бірлесіп іске асырып жатқан отандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен өтетін дөңгелек үстелдер туралы хабардар етті.
Өз кезегінде Иордания тарапының өкілі Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлін, оның ішінде Елбасы Н.Назарбаевтың діндер, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы жаһандық диалогты ілгерілетудегі зор үлесін, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың елдегі және әлемдегі конфессияаралық, этносаралық келісімді нығайтудағы еңбегін жоғары бағалады. Сондай-ақ Съезд мақсаттарын одан әрі ілгерілетуде ынтымақтасуға дайын екендігін білдірді.