Жаңалықтар

Алматыда өткен халықаралық конференцияларда сарапшылар есірткіге, экстремизмге және терроризмге қарсы тұру мәселелерін талқылады

Бөлісу

Ағымдағы жылдың 29 қазанында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Алматы қаласында М.Есболатов атындағы ҚР ІІМ Академиясының ұйымдастыруымен «Экстремизмге қарсы тұру заңнамасын жетілдірудің өзекті мәселелері» тақырыптарында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Конференцияларға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының өкілдері, оның ішінде студенттер, магистранттар, докторанттар, ҚР ІІМ Академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Конференцияға қатысушы сарапшылар деструктивті ағымдар өздерінің идеологиясын таратудың жаңа әдістері мен тәсілдерінің көмегімен өз қызметін түрлендіретінін атап өтті.

Қазақстан тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде конфессияаралық қатынастардың бірегей үлгісін, сондай-ақ экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың өзіндік тәсілдерін жасай алды. Дегенмен, терроризм кез келген елдің азаматтары үшін жаңа шараларды қабылдауға мәжбүр ететін өзекті қауіп болып табылады.

Конференция барысында Болат Сәрсенбаев өз сөзінде Болат Сәрсенбаев бүгінгі таңда экстремизмнің алдын алу үшін радикалды идеологиямен күресудің озық халықаралық тәжірибесін үнемі зерделеу қажеттігін айтты. «Дүние жүзіндегі ең үздік заңнамалық бастамаларға жан-жақты талдау жүргізу және олардың қазақстандық шынайылық жағдайларына барабар бейімделу маңызды. Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру қажет. Бұл ретте Қазақстанның сөз, дін бостандығы бар және түрлі сенімдер мен діндердің бейбіт, толерантылық негізінде қатар өмір сүруі идеялары насихатталатын зайырлы ел екенін әрқашан есте ұстаған жөн» - деді Орталықтың Басқарма Төрағасы.

Сондай-ақ алдағы уақытта өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің секциялық тақырыптарының бірі діни көшбасшылар мен саясаткерлердің жаһандық дінаралық диалог пен бейбітшілікті ілгерілетуге, әсіресе діни негіздегі экстремизмге, радикализм мен терроризмге қарсы іс-қимылға қосқан үлесіне арналатын болады.

Жалпы, қатысушылар экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша практикалық ұсыныстар берді.