Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Жаңалықтар

Ақмола облысы жастарына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесулері: зайырлы мемлекет құндылықтары мен радикализация қаупі талқыланды

Бөлісу

2025 жылғы 25 қарашада Ақмола облысында Дін істері комитетінің Анализ және мониторинг департаментінің директоры З. Малғараева әртүрлі санаттағы жастармен бірқатар кездесу өткізді. Іс-шаралар құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қазіргі қауіп-қатерлер туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында ұйымдастырылды.

Кездесулердің негізгі тақырыптары «Зайырлы мемлекет құндылықтары» және «Жастар арасындағы терроризмнің қауіптері мен қатерлері» болды.

Спикер өз сөзінде зайырлылық қағидатының негізгі аспектілерін айқындап өтті. Зайырлы мемлекеттің барлық діндерді заң алдында тең екенін, діни бірлестіктердің еркін қызмет етуіне мүмкіндік беретіні және азаматтарды кемсітушіліктен қорғайтыны атап өтті. Зайырлылық қағидаты ірі конфессиялар мен шағын діни топтардың да өмір сүруіне кепілдік береді. Ол әр азаматқа, мейлі ол дінге сенетін болсын, сенбейтін болсын өзін еркін сезінуге мүмкіндік береді және мемлекет ешқашан «дұрыс» деп танылған дінді немесе дүниетанымды мәжбүрлі түрде енгізбейтінін білдіреді.

Радикализация қаупіне тоқталған З. Малғараева жастар арасында деструктивті идеологияларға тарту процестері әлі де жасырын түрде жүріп жатқанын талқыға салды. БҰҰ деректеріне сәйкес, 15–25 жас аралығындағы жастар террористік ұйымдардың негізгі нысаналы тобы болып қала береді. Әсіресе онлайн кеңістікте. Бұл жасөспірімдер үшін де психологиялық жарақат алу немесе қылмыстық әрекетке тартылу қаупі түрінде болса, қоғам үшін «тұрмыстық терроризм» актілерінің пайда болу ықтималдығының өсуі тұрғысынан қауіп төндіреді.

Спикердің айтуынша, алдын алу шаралары жазалаушы тәсілдерден әлдеқайда тиімді. UNODC деректері көрсеткендей, білім беруге, сыни ойлауды дамытуға, толеранттылыққа және цифрлық сауаттылыққа бағытталған бағдарламалар радикализм қаупін 30–50 % дейін төмендете алады.

Іс-шаралар интерактивті форматта өтті. Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өзекті мәселелерді талқылап, жастар арасындағы қауіптердің алдын алу бойынша өз ұсыныстарын білдірді.