Жаңалықтар

Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаевтың Испания Елшісі Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегромен жұмыс кездесуі өтті

Бөлісу

Ағымдағы жылдың 21 қазанында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегромен кездесу өткізді.

Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегро мырзаны Н.Назарбаев орталығының қызметінің басым бағыттарымен, мақсаттары мен міндеттерімен таныстырып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай халықаралық іс-шаралар өткізу жоспарларымен бөлісті, сондай ақ, 2022 жылдың 14-15 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алдағы VII съезіне дайындық туралы айтты.

Сонымен қатар Болат Сәрсенбаев Елшіге Н.Назарбаев Орталығы, ҚР СІМ, АҚДМ қолдауымен, Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерімен бірлесе Армения, Венгрия, Германия, Иран, Канада, Қырғызстан, Малайзия, Түркия сияқты елдерде жыл соңына дейін өткізетін 8 дөңгелек үстел туралы хабарлады.

Өз кезегінде, Испания Елшісі жеке кездесу үшін ризашылығын білдірді, сонымен қатар конфессияаралық қарым-қатынасты дамыту, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың дінаралық келісімді сақтау және қамтамасыз етуге қатысты бастамаларын халықаралық деңгейде ілгерілету бойынша бірлескен жобаларды қолдауға дайын екендігін жеткізді.

Кездесу соңында Елші мырзаға Н.Назарбаев орталығының Бейбітшілік және келісім мұражайына экскурсия ұйымдастырды.