Алматыда ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығымен бірлескен ынтымақтастық меморандумын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Есболатов атындағы Алматы академиясы ұйымдастырған семинар-тренинг болып өтті.
Семинар жұмысына Орталықтан Әдістемелік жұмыс департаментінің директоры Д.Есенова мен бас сарапшы С.Әлімқұлова, сондай ақ ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, доцент А.Байсейітова, ҚР ҰҚК Академиясы факультетінің меңгерушісі Е.Мұратбеков, ҚР АҚДМ ДІК интернет кеңістігінде діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру бөлімінің бастығы Ж.Долиев, сондай -ақ басқа да қазақстандықтар сарапшылар, Академия курсанттары қатысты.
Семинарға қатысушыларды құттықтай отырып, өзінің бейне жолдауында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл, Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев ұлттық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, діни экстремизмнің алдын алу мәселелері Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатының әрқашан маңызды мақсаттары болған және солай болып табылатынын атап өтті. Бұл стратегиялық мақсатты Мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын.
«Назарбаев орталығы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің негізгі қозғаушы күші. Оның ұйымдастырушылық-практикалық және тұжырымдамалық негіздерін дамытуға жауапты орган саналады. 5-6 қазанда әлемнің 20-дан астам елінен ислам, христиан, иудаизм, буддизм, индуизм, даосизм, синтоизмнің рухани көшбасшыларының өкілдері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының ХІХ отырысына қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласында бас қосады. Мен бұл шара халықаралық деңгейде конфессияаралық және өркениетаралық диалогты одан әрі тиімді ілгерілетуге ықпал ететініне сенемін», –деп атап өтті Орталық Басшысы.
Іс -шара нәтижесінде семинар -тренингке қатысушылар діни экстремизм мен терроризмге қарсы бірлескен іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асыруда жан -жақты қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.