Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттері ілгерілету жөніндегі уәкіл, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаевтың Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуі Митрополиттік округінің Басшысы, Астаналық және Қазақстандық Митрополит Александрмен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Б.Сәрсенбаев сұхбаттасты Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының алдағы ХІХ отырысы туралы: оның мақсаттары мен міндеттері, діндер мен өркениеттер арасындағы диалогты нығайтудағы жаһандық рөлі туралы хабардар етті. Сонымен қатар, іс -шара аясында күн тәртібі мен өзекті тақырыптар туралы жете айтылды.
Әңгімені жалғастыра отырып, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттері ілгерілету жөніндегі уәкіл Б.Сәрсенбаев Астаналық мен Қазақстандық Митрополит Александрға 6 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Съезд Хатшылығының кезекті ХІХ отырысына қатысуға арналған жеке шақыру хатын тапсырды. «Сізді Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының ХІХ отырысына қатысушы және құрметті қонақ ретінде көремін деп үміттенемін, Сіздің қатысуыңыз отырысқа көрнекті үлес қосары сөзсіз», - деді Б.Сәрсенбаев.
Қазақстандағы Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуі Митрополиттік округінің Басшысы жеке шақыру үшін алғысын білдірді және көп ұлтты елде бейбіт қатар өмір сүруді қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бейбітшілік орнату үшін маңызды шешімдер табуға бағытталған көпжақты әрекеттерді күшейтудегі қосқан ерекше үлестерін атап өтті.
Кездесу соңында Н.Назарбаев Орталығының Басшысы Астаналық және Қазақстандық Митрополитті сонымен қатар Съез Хатшылығының ХІХ отырысы қарсаңында және одан кейін Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық миссияларының базасында ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Орталық ұйымдастырған дөңгелек үстелдер сериясына қатысуға шақырды.