Жаңалықтар

Н. Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы жетекші шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті

Бөлісу

Бүгін, ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев жетекші шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Кездесу 15-17 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін XVII Еуразиялық медиафорумға журналистердің пресс-туры аясында ұйымдастырылды.

Шетелдік қонақтарды қарсы алған Орталықтың Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың конфессияаралық келісімді сақтау мен қамтамасыз етудегі негізгі бастамалары, тәуелсіз Қазақстанның дінаралық саладағы жетістіктері туралы, сонымен қатар әлемдік қоғамдастықтың Әлемдік және дәстүрлі діндердің лидерлерінің съезіне қазіргі әлемнің дүрбелеңді дамуына қызығушылығының артуы турасында айтты. «Бүгінде Съез өзін рухани және діни лидерлер өкілдері арасындағы диалогты дамытудың тиімді алаңы ретінде көрсетті. Планетаның әртүрлі бөліктеріндегі діни негіздегі қақтығыстар кезеңінде Съез өзектілігі, ынтымақтастық пен бірлік идеяларын енгізу қажеттілігі артуда», - деді Орталық басшысы.

Сонымен қатар, журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Болат Сәрсенбаев Орталықтың қызметі мен оның негізгі шараларына, соның ішінде ағымдағы жылдың 5-6 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының меңгерушісі М.Әшімбаевтың жетекшілігімен өтетін Съездің XIX хатшылығы, Үндістан, Пәкістан, Чехия, Швейцария, Сауд Арабиясы, Армения, Венгрия, Германия, Иран, Канада, Қырғызстан, Малайзия және Түркия сынды әлемнің 13 елінде алдағы Съезд Хатшылығының XIX отырысы мен 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі кең ауқымды ақпарат таратуға бағытталған Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылған дөңгелек үстелдер тоқталды.

Өз кезегінде «Lobmeyr Public Image» (Австрия), «Петра» (Иордания), «Dalma News» (Армения), «EADaily» (Армения), «Verelq» (Армения), «Говорит Москва», «Независимая газета», «Версия», «Комсомольская правда», «Профиль» (Ресей) сияқты жетекші халықаралық басылымдар мен ақпараттық агенттіктердің бас редакторлары мен журналистері. Елбасы Н.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың елдегі және әлемдегі дінаралық келісімді қамтамасыз етудегі дәйекті саясатын, сондай-ақ халықаралық аренадағы қауіпсіздік мәселелері бойынша бітімгершілік күш-жігерін шоғырландырудағы қазақстандық бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

Жиналысқа қатысушылар қорытындылай келе, Қазақстан тәжірибесі жахандық деңгейдегі әлемнің дамуына үлес қосатын мәдениетаралық өзара іс-қимылдың өзіндік үлгісін табысты құрудың көрсеткіші екендігіне келісті.