Жаңалықтар

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XIX отырысы қарсаңында Чехия Республикасында халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бөлісу

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының алдағы ХІХ отырысын кең көлемде ақпараттық қамту бойынша ауқымды жұмыстарға орай, Прагада «Конфессияаралық және мәдениетаралық диалогтың қазақстандық тәжірибесі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар: Чехия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі  мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің қолдауымен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту  жөніндегі Н.Назарбаев орталығы, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы.

Іс -шараға Қазақстан Республикасының Чехия Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі А.Абсалықов, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры –  Б.Бахытжан, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Г. Махан, Чехия Республикасының Сыртқы істер экс-министрі, экс-вице-премьер-министрі, Чехия дипломатиялық академиясының негізін қалаушы Кирилл Свобода, Карлова университетінің вице-ректоры Ян Ройт, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас Мүфтиінің орынбасары Е.Онгар, Прагадағы мұсылмандар қоғамының төрағасы, Чехия Республикасындағы мұсылман қауымдастықтары орталық комитеті төрағасының орынбасары В.Санка, Нұр-Сұлтан қаласындағы Успен соборының дін қызметкері, протоиерей  Дмитрий Байдек, Синолог, Төтенше елші және Өкілетті Елші Йиржи Шима, Чехияның Успен Соборы Храмының басшысы, Протоирей Р.Гайдамаченко, «Хало новины» бас редакторы Р.Яноух, сонымен қатар халықаралық сарапшылар сияқты, қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғылыми -сараптамалық қоғамдастық, БАҚ өкілдері қатысты.

Құттықтау сөз сөйлеген Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Съез Хатшылығының XIX отырысы қарсаңында Орталық Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамаларын, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың конфессияаралық диалогты сақтау мен қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті саясатын, оның ішінде дінаралық келісімнің бірегей қазақстандық моделін, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің негізгі идеялары мен шешімдерін халықаралық деңгейде танымал ету мақсатында әлемнің әр бөлігімен дөңгелек үстелдер өткізу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті.

«Бұл іс-шараларды ұйымдастыру әлемдік қоғамдастықтың, діни көшбасшылардың, ғылыми зерттеу топтарының, ірі әлемдік және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының назарын конфессияаралық диалогтың қазақстандық тәжірибесіне, халықаралық мәселелерді шешуде тиімді қолданылатын рухани дипломатияның принциптерін дамытуға аударады», - деп атап өтті Болат Сәрсенбаев.

Дүниежүзілік геосаяси шиеленістің, дінаралық негіздегі планетаның әр түрлі бөліктеріндегі қақтығыстардың аясында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің диалогтық алаңының өзектілігі, бүкіл әлем игілігі үшін әр түрлі діндер мен конфессиялар өкілдерінің ынтымақтастығы мен бірлігі идеяларын іске асыру қажеттілігі артуда.

Осыған байланысты шетелдік және қазақстандық сарапшылар өз кезегінде халықаралық деңгейде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің идеяларын насихаттау, конфессияаралық қатынастарды дамыту саласындағы бірлескен шаралар мен жобаларды жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Еске салайық, XIX Хатшылық пен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне арналған халықаралық дөңгелек үстелдер сериясы Швейцария, Сауд Арабиясы, Армения, Венгрия, Германия, Иран, Канада, Қырғызстан, Малайзия, Түркияда өткізу жоспарланып отыр.