Жаңалықтар

Н.Назарбаев орталығының алаңында «Ашық аспан астында» үшінші халықаралық фотокөрменің ашылуы өтті

Бөлісу

Биылғы жылдың 3 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, фотокөрмелер сериясын өткізу аясында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы алаңында иудаизмге арналған «Ашық аспан астында» үшінші халықаралық фотокөрменің салтанатты ашылуы өтті.

Шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің Төрағасы Е.Нүкежанов, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы Басқарма Төрағасы Б. Сәрсенбаев, Қазақстан Республикасындағы Израиль Мемлекетінің консулы Галина Френкель, Нұр -Сұлтан қаласының бас раввині Шмуэль Карнаух, сондай-ақ басқа діни бірлестіктердің және Қазақстандақы АҚШ, Ресей, Жапония, Ватикан, Бельгия елдерінің дипломатиялық өкілдіктері қатысты.

   Фотокөрменің мақсаты – әлемнің әр түрлі халықтарының діндері мен мәдениеттеріне толерантты дүниетанымды және құрметпен қарауды қалыптастыру, қоғамды негізгі адами және рухани құндылықтардың айналасына топтастыру, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда бірлескен жауапкершілікті нығайтуға жәрдемдесу.

  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің Төрағасы Е.Нүкежанов Фотокөрмені ашқан сөзінде, «бірегей этномәдени және діни алуан түрлілікке ие Қазақстанның өзінің тарихы барсында этносаралық және дінаралық бейбітшілікті сақтағанын, осы орайда және әр түрлі этномәдени бірлестіктердің мүдделерінің тепе -теңдігін сақтау, бейбітшілік пен келісім үшін конфессияаралық келісімді нығайту өте маңызды екендігін» атап өтті.

Құттықтау сөз сөйлеген Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев әр түрлі конфессиялар мен діндердің өкілдерін бір платформаға біріктіру арқылы біз халықаралық қоғамдастықтағы бейбітшілік, келісім, ынтымақтастық идеяларын нығайтуға және ілгерілетуге өз үлесімізді қоса алатынымызды атап өтті. «Өздеріңіз білетіндей, Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында полиэтникалық және поликонфессионализм жасампаздық пен прогрестің факторына айналуға тиіс екенін баса айтты. Осыған байланысты диалог пен азаматтық қатысу дәстүрін дамыту, ынтымақтастығымыз бен бірлігімізге негіз болатын озық құндылықтарды дәріптеу біз үшін маңызды», - деп Президент сөздерін баяндады Б.Сәрсенбаев.

Сонымен қатар, Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың бірегей диалог алаңы - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін құрудағы рөлі туралы айтып берді, сонымен қатар Орталық қызметінің басым бағыттарымен, ағымдағы жылы Съез Хатшылығының XIX отырысына, сондай-ақ 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне дайындық жұмыстарымен таныстырып өтті.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасындағы Израиль мемлекетінің консулы Галина Френкель Қазақстан қонақжайлылық пен көптеген ұлт пен дін өкілдеріне, оның ішінде, әрине, еврей қауымына жақсы қарым -қатынастың үлгісі екенін атап өтті. «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы – бейбітшілік пен қауіпсіздік жолында тәуелсіз Қазақстанды біріктіретін, толерантты дүниетанымды қалыптастыратын маңызды институт», - деп толықтырды Г.Френкель.

Рәсім соңында шараға қатысушылар Қазақстан Республикасындағы Израиль Мемлекетінің Елшілігінің, Еуропа-Азия еврейлер конгресінің Орталық Азиядағы өкілдігінің, «Хабад Любавич» еврей орталығы (Қарағанды қ.), «Бейт Менахем» Хабад үйі (Алматы қ.) ұсынған фотосуреттермен таныс болды.

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық аспан астында» фотокөрмесі барлық сақтық шараларын сақтай отырып, барлық қызығушылар үшін Бейбітшілік және келісім сарайында 2021 жылдың 13 қыркүйегіне дейін жалғасатын болады.