Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі П.В. Утюпиннің шақыруымен 2021 жылдың 22 маусым күні Нұр-Сұлтанда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Қазақстан Республикасындағы Беларусь Елшілігі және Беларусь Республикасының Ұлттық кітапханасы ұйымдастырған «Орман әні» көрмесінің салтанатты ашылуына қатысты.
«Орман әні» көрмесі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Беларуссиядағы партизандық қозғалысқа арналған. Бірегей экспозиция Беларуссия партизандық қозғалысының тарихын сол кездегі құжаттар: түрлі қолжазба материалдары, үнпарақтар, үгіт плакаттары, газеттер, фотосуреттер, сюжеттік эскиздер, әңгімелерден, жырлардан, өлеңдерден және әндер арқылы сезінуге мүмкіндік береді.
Ұлы Отан соғысының басталуының 80 жылдығына арналған көрме аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған Кемел Тоқаев залы да ашылды.
Соғыс кезінде 3,5 мыңға жуық қазақстандықтардың партизандық қозғалысқа белсенді қатысқанын, олардың жартысы үйлеріне оралмағандарын атап өткен жөн. Партизандық қозғалыс қаһармандары арасында Ғалым Ахмедьяров, Сәтімбек Төлешев, Ғалым Омаров, Нұрым Садықов, Қасым Қайсенов, Мәлік Ғабдуллин және басқалардың есімдері кеңінен танымал болды. Олардың арасында Нұрғаным Байсейітова, Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Акадилова сынды Қазақстан әйелдері де жанқиярлықпен күресті.
Сонымен қатар, іс-шарада Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл толуына орай Беларуссия, Ресей, Әзірбайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан шетелдік дипломатиялық миссия басшылары бүгінгі ұрпаққа мәңгілік құндылықтар туралы, соғыстар мен қақтығыстарсыз әлем құру үшін күш біріктіру туралы үндеу жолдады.
Көрмеге Отан үшін және өз халқының бейбіт өмірі үшін күрескен Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ұрпақтарының бірі АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай қатысты. Олардың ішінде, әкесі соғыс жылдарын Беларуссия аумағындағы партизан отрядтарында өткізген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Серік Егізбаев те бар.
Қайрат Сарыбай мен Серік Егізбаев өз сөздерінде бүкіл әлемге өз халқы мен елін қорғаған аталарымыз бен бабаларымыздың күші мен төзімділігін көрсеткен қаһармандық уақыт туралы айтты.
Өкінішке орай, уақыт ештеңеге бағынбайды, жыл сайын сол сұмдық жылдардың куәгерлері, ардагерлері, батырлары азайып барады. Біздің міндетіміз –
жадыны сақтау, шындықты, олардың жақсы атын қорғау және бейбітшілікті аялау.
Іс-шараға қатысушылар тарихи және сонымен бірге қайғылы оқиғаны атап өтіп, әлемдік қауымдастыққа ортақ тарихты, адамгершілік және рухани нұсқауларды құрметтеу, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді бағалау және қорғау қажеттігін ескертуді маңызды деп санайды.