Биылғы жылдың 17 маусымында Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшілігінің қолдауымен Әлемдік және дәстүрлі діндердің құндылық әлеуетін танымал етуге өзара қызығушылықты басшылыққа ала отырып, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының өкілі Болат Сәрсенбаев пен «Асдаа Оман» онлайн-газетінің бас редакторы Әли әл-Хассани ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты – конфессияаралық келісім мен бейбітшіліктің бірегей қазақстандық моделін ілгерілетуге бағытталған Қазақстан Республикасының аумағында және шетелдерде Орталық өткізетін іс-шараларға ақпараттық қолдау көрсетудегі серіктестік саналады.
Екі тарап та ұлттық жетістікке жетудің негізгі шарты бейбітшілік, келісім, достық, әртүрлі мәдениеттер мен діндер өкілдерінің төзімділігі екенін мойындайды.
Болат Сәрсенбаев биылғы Съездің XIX Хатшылығы және 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі қарсаңында осы меморандумға қол қою маңыздылығын атап өтіп, әлемдік қауымдастық арасында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі идеяларының, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілету туралы ақпарат кең таралуын қамтамасыз ету қажеттілігіне басты назар аударды.
«Asdaa Oman» онлайн-газетінің бас редакторы өз тарапынан Н.Назарбаев орталығының конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамытудағы жоғары миссиясын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Елбасы Н.Назарбаев және Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудағы рөлін атап өтті.
Тараптар сонымен қатар діндер арасындағы келісімге қол жеткізуге бағытталған бірлескен перспективалы ақпараттық жобаларды жүзеге асыруға, ақпарат алмасуға, сарапшылардың сұхбаттарын ұйымдастыруға, сондай-ақ әлемдік қауымдастықтың өркениетаралық және конфессияаралық диалогтың жахандық алаңы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің тарихи маңызы мәселелері бойынша діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністікті дамытуға көмектесуге келісті.
Анықтама үшін: «Asdaa Oman» - араб аймағының ақпараттық-талдамалық материалдарын, саяси, экономикалық, мәдени, ғылыми және діни салалардағы әлем жаңалықтарын жариялайтын Оман Сұлтанатындағы электронды газет.