Жаңалықтар

Ораза айт мерекесімен құттықтау !

Бөлісу

Құрметті достар!

Барша мұсылман қауымын қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке - адамгершілік, мейірімділік пен қайырымды істерді сипаттайтын қасиетті Рамазан айының аяқталуымен байланысты.

Бұл ізгі құндылықтар тек мұсылман халқына ғана емес, жалпы адамзатқа ортақ.

Сондықтан біздің елде Ораза айт діни мереке екеніне қарамастан барлық қазақстандықтарды біріктіреді.

Тәуелсіздік алған уақыттан бері Қазақстан бейбітшілік пен жасампаздық, сенім мен адамгершілік, бейбітшілік пен татулық аумағы болды.

Әрқашан ғұмырымыз осы қасиетті мереке сияқты игі істер мен жақсылыққа толы болсын!

Баршаңызға мықты денсаулық, бақыт пен береке тілеймін!

 

Ізгі тілекпен,

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы

Болат Сәрсенбаев