БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ГҮЛСАНА ҚОЖАБАЙДЫҢ
ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗІ
II НАРОВАЛ БЕЙБІТШІЛІК ДИАЛОГЫ
Наровал Университеті (Пәкістан)
Сейсенбі, 5 мамыр 2026 жыл
---
Құрметті министр Ахсан Икбал,
Құрметті вице-канцлер, профессор доктор Мұхаммед Зия-ул-Хак,
Құрметті ғалымдар, әріптестер, студенттер,
Бүгін мен үшін «Наровал бейбітшілік диалогы» алаңында болу үлкен мәртебе.
Ең алдымен, көшбасшыларды, ғалымдар мен жастарды бейбітшілік жолында ортақ міндеттеме төңірегінде біріктіретін осы мағыналы және уақтылы платформаны құрғаны үшін ұйымдастырушыларға шын жүректен ризашылығымызды білдіргім келеді.
Сондай-ақ Қазақстанның көрнекті досы – құрметті профессор, доктор Мұхаммед Зия-ул-Хакқа академиялық көшбасшылығы және Қазақстандағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі мен Пәкістандағы Наровал бейбітшілік диалогы арасындағы ынтымақтастық көпірлерін нығайтудағы маңызды рөлі үшін терең ризашылығын білдіргім келеді.
Пәкістан Үкіметі мен құрметті федералдық министр Ахсан Икбалға ерекше құрметтімді білдіргім келеді. Шабуылға тап бола отырып, Сіз бұл қайғылы тәжірибені диалог арқылы зорлық-зомбылықтың алдын алуға деген терең міндеттемеге айналдыра алдыңыз. Бұл тәсіл бүкіл әлемдегі көшбасшылар үшін қуатты үлгі болып табылады және шынайы құрметке сезіміне бөлейді. Рақмет Сізге!
Дәл осы тұрғыда әлемнің Наровал диалогы жеккөрушіліктің, бөлінудің және радикалданудың алдын алу үшін ерекше миссияға ие болады.
Мұндай тәсіл Пәкістан қоғамының тарихи даналығын көрсетеді және Мұхаммед Әли Джиннаның күшті, толерантты және инклюзивті мемлекет туралы көзқарасымен үйлеседі, өйткені диалог кез-келген прогрестің ажырамас бөлігі болып табылады.
Лахордан бір сағаттық жерде орналасу үлкен символдық мәнге ие. Бұл жер Аллама Икбалдың поэзиясын, Дата Дарбар сопылық дәстүрін, диалог жарияланып қана қоймай, диалогпен өмір сүретін – каввали рухы сақталған. Дәл осындай рух Қазақстанда да бар, онда Қожа Ахмет Ясауи сопылық мұрасы Ұлы Жібек жолында, біздің ежелгі Түркістан қаласында ашықтық пен қатар өмір сүру мәдениетін қалыптастыруға ықпал еткен болатын.
Міне осы тұста мен өте маңызды сұраққа көшкім келеді:
Бүгінгі таңда диалогтың шынайы рөлі қандай?
Шындығын айтқанда: тек диалог соғысты тоқтата алмайды, бірақ ол өшпенділіктің тамырлануына жол бермейді. Ол адамдардың жүрек деңгейіне әсер етеді. Саясат бөлген кездерде де, диалог біздің ортақ адами болмысымызды еске түсіреді.
Сондықтан диалог тепе-теңдікті сақтау үшін шешуші мәнге ие. Тепе-теңдік – бұл негізгі қағида. Жасанды интеллект дәуірінде мұндай тепе-теңдіктің болмауы қатерлерді одан сайын салмақты етеді.
Сондықтан Наровал бейбітшілік диалогы және Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі сияқты платформалар осы тепе-теңдікті қалпына келтіруге көмектеседі. Олар адамзатқа жаһандық турбуленттілік замандарында да моральдық бағдарларды сақтауға мүмкіндік береді.
Бұл идея әсіресе Қазақстанға жақын. Жиырма жылдан астам уақыт бойы біз Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі аясында діни лидерлерді біріктіру бойынша дәйекті жұмыс істеп келеміз.
Осы тәжірибе арқылы біз бір маңызды нәрсені түсіндік:
Диалог өздігінен пайда болмайды. Оны қалыптастыру, демеу және сақтау қажет. Бұл оңай емес екенін айтқым келеді. Кейінірек мен сіздермен біздің тәжірибемізбен бөлісетін боламын.
Сонымен қатар, біз диалогтың болашағы жастарға байланысты екенін көріп отырмыз.
Себебі мына сіздер – студенттер мен жас көшбасшылар – бүгін бөліну немесе диалог арасында таңдау жасайсыздар.
Құрметті әріптестер, Ыстамбұлдан Нью-Йоркке дейін, Рабаттан Токиоға дейін, Лахордан Астанаға дейін біз барлық жерде бірдей сын-қатерлерге тап боламыз және диалогқа деген қажеттілікті бірдей сезінеміз.
Қарапайым, бірақ маңызды ойтолғаммен сөзімді аяқтауға рұқсат етіңіз: бейбітшілік – қақтығыстардың болмауы емес. Бейбітшілік – бұл қақтығысты айналып өту мүмкін болмаған кезде, диалогты таңдау мүмкіндігі.
Қасиетті Құранда: «Біз сендерді бір-бірлеріңді танып, білулерің үшін халықтар мен рулар етіп жасадық» (49: 13) деп жазылған. Ал бүгін, Наровалда біз бұл қағаданың іс жүзінде жүзеге асырылуына куа болдық.
Назарларыңыз үшін рақмет.