2026 жылғы 7 қыркүйекте Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы Басқарма төрағасы Гүлсана Қожабайдың Қазақстан Республикасындағы Евангелиялық Лютеран Шіркеуінің Епископы Ростислав Новгородовпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар конфессияаралық және дінаралық диалогты одан әрі дамыту, Қазақстандағы Евангелиялық Лютеран Шіркеуімен өзара әрекеттестікті, сондай-ақ алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIV отырысына дайындық мәселелерін талқылады.
Гүлсана Қожабай Қазақстанның дәстүрлі конфессиялары өкілдерінің қоғамдық келісімді нығайтудағы, өзара құрмет мәдениетін ілгерілетудегі және діни қауымдастықтар арасындағы сындарлы диалогты дамытудағы маңызды рөлін атап өтті. Осы тұрғыда Епископ Ростислав Новгородовтың діниаралық өзара әрекеттестікті дамытуға белсенді қатысуы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің идеяларын ілгерілетуге қосқан үлесі ерекше аталды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілік танытып, жаһандық дінаралық диалогты нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға ықыласты екендігін мәлімдеді.