Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Жаңалықтар

Халықаралық орталық Архиепископ-Митрополит Томаш Пэтаны мерейтойымен құттықтады

Бөлісу

2026 жылғы 21 тамызда Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының Басқарма төрағасы Гүлсана Қожабай Астанадағы Әулие Мария Архиепархиясының Архиепископ-Митрополиті Томаш Пэтамен кездесті.  

Кездесу барысында конфессияаралық және дінаралық диалогты одан әрі дамыту, Католик шіркеуімен ортақ жұмыстар, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының алдағы XXIV отырысына дайындық мәселелері талқыланды.

Кездесуде Қасиетті Тақпен одан әрі ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды. Тараптар алдағы жылдары Рим Папасы XIV Лео Қазақстанға сапармен келеді деген үміт білдірді.

Кездесу Архиепископ-Митрополит Томаш Пэта үшін маңызды екі датаға – оның 75 жылдығына және Қазақстандағы қызметінің 36 жылдығына орайлас келді. 1990 жылғы 21 тамызда ол Қазақстанға келіп, содан бері ғұмырының елеулі бөлігін осы елдегі діни қызметіне арнады.

Осыған орай Гүлсана Қожабай Томаш Пэтаны мерейтойымен құттықтап, оның көпжылдық дінаралық диалогты дамытуға және Қазақстандағы діни қауымдастықтар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

Оның Қазақстандағы қызмет еткен жылдары елге 2001 жылы Иоанн Павел II, ал 2022 жылы Рим Папасы Франциск сапармен келді. Бұл сапарлар Қазақстанның Қасиетті Тақпен қарым-қатынастарын дамытуда және елдегі дінаралық диалогты нығайтуда маңызды кезең болды.