Вакансия

Н.Назарбаев орталығы «Қазақстан Республикасындағы діни конверсиялар: ағымдағы жай-күйіне талдау» зерттеуін іске асыру шеңберінде сарапшының ақылы қызметіне іріктеу өткізетінін хабарлайды

Бөлісу

«Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ «Қазақстан Республикасындағы діни конверсиялар: ағымдағы жай-күйіне талдау» зерттеуін іске асыру шеңберінде сарапшының ақылы қызметі бойынша үміткерлер арасында іріктеу өткізетінін хабарлайды.

 

Міндеттері:

  1. «Қазақстан Республикасындағы діни конверсиялар: ағымдағы жай-күйіне талдау» жобасының әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасын әзірлеуге қатысу.
  2. «Қазақстан Республикасындағы діни конверсиялар: ағымдағы жай-күйіне талдау» жобасының деректерін талдауға және жобаның жекелеген бөлімдерінің материалдарын дайындауға қатысу.

 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  1. Мемлекеттік және орыс тілдерін білетін және ұқсас зерттеулерге қатысу тәжірибесі бар гуманитарлық ғылымдар саласындағы мамандар (ғылым докторы, ғылым кандидаты, PhD).

 

Қызметке қойылатын талаптар:

  1. Зерттеу тақырыптары бойынша дайындалған материалдар сапалы болуы қажет. Ұсынылған материалдар нақты құрылымдалған, түсінікті және кәсіби тілде жазылуы, қолданылған ақпарат өзекті және сенімді  сипатта болуы талап етіледі.
  2. Материалдардың безендірілуі келесі талаптарға сай болуы керек: Word мәтіндік редакторында орындалған, өлшемі 12, шрифт Times New Roman. Шеттері: жоғарғы/төменгі – 1,5 см, сол/оң – 2 см, жоларалық интервал – бір, абзац шегінісі – 1,25. Бірінші мәтін бетінен бастап ортасында нөмірленеді.
  3. Дайындалған материалдар Тапсырыс берушінің барлық талаптарына сай болуы керек. Мәтін тексерілуі қажет, орфографиялық, грамматикалық, стилистикалық қателер болмауы талап етіледі.
  4. Мәтін өңдеулер (түзетулер) енгізуге мүмкіндік беретін форматта дайындалуы қажет.

        

         Қызмет көрсету мерзімі

  1. Бастапқы нұсқасы Тапсырыс берушіге 2023 жылғы 15 шілдеге дейінгі мерзімде ұсынылады.
  2. Тапсырыс берушіден ескертулер алғаннан кейін Орындаушы оларды жояды және түзетілген нұсқасын жібереді.
  3. Соңғы (Тапсырыс берушімен пысықталған) нұсқаны Орындаушы Тапсырыс берушіге бастапқы нұсқа бойынша барлық ескертулерді ескере отырып, тапсырыс берушіден алғаннан кейін 2 аптадан кешіктірмей қолма-қол береді.

 

         Қызмет бағасы:

  1. Сарапшы қызметінің құны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салықтар мен аударымдарды ескере отырып, 500 мың теңгені құрайды.

 

Конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін қажетті құжаттар:

  1. Жеке куәліктің көшірмесі
  2. Резюме
  3. Дипломдардың көшірмесі

 

Өтінім беру мерзімі: «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ сайтында хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде.

Байланыс деректері:

Телефон: +7(7172) 266187; +7707 243 74 88

Электрондық пошта:

azhidrissov@nnort.org