Вакансия

Н.Назарбаев орталығы дін саласындағы зерттеулерді, соның ішінде Қазақстан өңірлерінде социологиялық зерттеулерді үйлестіруге арналған пилоттық жоба аясында эксперттік қызмет көрсету бойынша үміткерлер арасында іріктеу өткізетінін хабарлайды

Бөлісу

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы дін саласындағы зерттеулерді, соның ішінде Қазақстан өңірлерінде социологиялық зерттеулерді үйлестіруге арналған пилоттық жоба аясында эксперттік қызмет көрсету бойынша үміткерлер арасында іріктеу өткізетінін хабарлайды.

Жобаның мақсаты:

Социологиялық зерттеулер жүргізудің бірыңғай механизмін пысықтау, соның ішінде Қазақстандағы дін саласындағы жағдайды тиімді зерделеудің ортақ әдіснамасын, бағдарламасын және құралдарын әзірлеу

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Ғылыми немесе академиялық дәрежесі бар, сондай-ақ діндер мен мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды зерттеу бойынша практикалық тәжірибесі қалыптасқан әлеуметтанушы немесе дінтанушы мамандар қажет.

Көрсетілетін қызметке қойылатын талаптар:

1.1 Діни саладағы зерттеулерді, соның ішінде социологиялық зерттеулерді жүргізуге арналған әдістемелік құрал әзірлеу

1.2 Әдістемелік құралда келесідей бағыттар бойынша практикалық ұсынымдар қамтылуы тиіс:

- Қазақстан Республикасында зерттеу жүргізу үшін: жаппай сауалнама жүргізу мақсатында еліміздегі әр аймақ бойынша есептелген квоталық іріктеме үлгісі;

- әр аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып, жаппай сауалнама жүргізу бойынша ұсыныстар;

- Қазақстан аймақтарында сапалы әдістерді қолдану ерекшеліктерін енгізу (әр аймақ бойынша нүктелі ұсыныстар әзірленеді)

1.3 Әдістемелік құрал шеңберінде Қазақстанның барлық аймақтарында дін саласын зерттеуге қолдану үшін арнайы бағдарлама және бірыңғай құралдар әзірленіп, төмендегі тармақтар қамтылады:

- жеке сауалнама үлгісі;

- фокус-топтық зерттеудің бірыңғай гайд үлгісі

- сұхбаттың түрлері бойынша арнайы гайд үлгілері

1.4 Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері үшін дін саласындағы зерттеулерді, соның ішінде социологиялық зерттеулерді жүзеге асыру бойынша онлайн семинар-тренингтер өткізу.

Қызмет көрсету шарттары мен мерзімдері

Орындаушы әдістемелік құрал материалдарының алдын-ала нұсқасын тапсырма алған күннен бастап 20 (жиырма) күн өткен соң Тапсырыс берушіге ұсынады.

Орындаушы Тапсырыс берушінің әдістемелік құралдың алдын-ала нұсқасы бойынша ескертпелері мен ұсыныстарын назарға алғаннан кейін 2 (екі) аптадан кешіктірмей мәтінің соңғы нұсқасын тапсыруы қажет.

Онлайн семинар-тренингтер Тапсырыс берушімен келісілген кестеге сәйкес өткізіледі.

Қызмет көрсету бағасы: Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салықтар мен аударымдарды қосқанда 500 (бес жүз) мың теңге

Іріктуге қатысуға өтінім беру үшін қажетті құжаттар:

  1. Жеке куәліктің көшірмесі
  2. Білім туралы құжаттар
  3. Резюме
  4. Ұсыныс хаттар (біреуден кем емес)
  5. Негіздеме

Өтініш беру мерзімі: Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы сайтында хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде.

Байланыс телефондары:

 8 (7172) 266187;   +77077369026

Электрондық пошта:

ruziya@gmail.com

m.kikimbaev@yandex.ru