Биылғы жылдың 11 мамырында Алматыда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаевпен «Комсомольская правда - Казахстан» газетінің бас редакторы Виктор Кияницаның кезекті жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында Болат Сәрсенбаев белгілі қоғамдық-саяси басылымның әлеуметтік маңызды мәселелерді жариялаудағы ұзақ тарихы мен рөлін атап өтті. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеяларын кеңінен насихаттау мен Қазақстанның конфессияаралық даму тәжірибесінің маңыздылығына тоқталды.
Болат Сәрсенбаев Н.Назарбаев орталығының негізгі қызметтері, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілетін жоспарлы іс-шаралар және биыл өтетін Съездің ХІХ-шы Хатшылығы мен 2022 жылы өтетін кезекті VII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезіне дайындық барысын баяндады.
Виктор Кияница екіжақты ынтымақтастыққа, сондай-ақ Н.Назарбаев орталығының іс-шаралары мен жобаларына қатысуға қызығушылық білдіре отырып, «Комсомольская правда - Казахстан» газетінің міндеттері мен шығармашылық жоспарларымен бөлісті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен ақпараттық-білім беру жобаларын, оның ішінде авторлық мақалаларды жариялауды, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезіне қатысушылары, Орталық қызметкерлерімен сараптамалық сұхбат өткізу мүмкіндігін қарастыру туралы келісімге келді.
Ақпараттық серіктестік бағытындағы қолдауға алғыс білдіре отырып, Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Виктор Кияницаны биылғы жылдың 17 мамырында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде өтетін «Ислам және адамзат: кеше, бүгін, ертең» халықаралық фотокөрмесінің ашылуына қатысуға шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі кезде Н.Назарбаев орталығы серіктестік орнату және Съез идеяларын насихаттау мақсатында елдің жетекші жоғары оқу орындарымен, ғылыми ұйымдармен, Қазақстанның ірі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесулер өткізуде.