Ағымдағы жылдың 11 мамырында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Дінтанушылар конгресінің Төрағасы Қайрат Құрманбаевпен жұмыс кездесуін өткізді.
Н. Назарбаев орталығы қызметінің стратегиялық бағыттарын ерекшелей, Болат Сәрсенбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында ұйымның халықаралық іс-шараларын ұйымдастыру жоспарларымен, ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың жетекшілігімен 2021 жылы XIX Съезд Хатшылығы отырысына, сонымен қатар, 2022 жылы VII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне дайындық жұмыстарымен бөлісті.
Сонымен қатар, Н. Назарбаев орталығының басшысы ғылыми-тәжірибелік діни зерттеулерді және дінтану сараптамасын даярлаудағы Орталық тарапында орналасқан Діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институты қызметінің маңыздылығын ерекшелеп өтті.
Өз кезегінде, Дінтанушылар конгресінің Төрағасы Қайрат Құрманбаев алдағы іс-шараларға дайындық жұмыстары, сонымен қатар, дін саласында зерттеулер мен сараптамаларды жүргізу аясында Н. Назарбаев орталығымен алдағы қарым-қатынасты қолдауға ниет білдірді.
Серіктестікті күшейту мақсатында, тараптар «Дінтану», «Теология» және «Исламтану» мамандықтары бойынша білім бағдарламаларының сапасын арттырудың инновациялық жолдарын анықтау, экстремистік идеология әсерінен зардап шеккен азаматтарды қоғамға бірлестіру, оңалту және дерадикализациялауда жаңа тәсілдерді даярлау, мемлекеттің зайырлық даму қағидаларын нығайту мен конфессияаралық диалогты сақтауға бағытталған ортақ іс-шараларды ұйымдастыру туралы келісті.