Жаңалықтар

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы және «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті алдағы серіктестік туралы келісті

Бөлісу

Ағымдағы жылдың 11 мамырында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Алматы қ. жұмыс іс-сапары барысында «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Мухаммад аш-Шаххат аль-Жиндимен кездесті.

Кездесу аясында, Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Қазақстан халықаралық деңгейде қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауға, конфессиялар мен ұлттар арасында бейбітшілік пен келісімнің тиімді стратегиясын жылжытуға әрдайым ұмтылатындығын ерекшеледі. Осыған байланысты, діндер мен мәдениеттер диалогының идеялары мен құндылықтарын жылжытудағы басты рөлді иеленетін «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ұстанымы Орталық үшін үлкен қызығушылық танытады.

Болат Сәрсенбаев Н. Назарбаев орталығының басты мақсаты ортақ сыйластық атмосферасында барлық діндер арасында конфессияаралық диалогты орнатуда қолғабыс ету екендігін атап өтті. Осылай, ағымдағы жылы Орталықпен дінаралық және өркениетаралық диалогты нығайтуға бағытталған ортақ жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру, дін саласында қарым-қатынас мәселелері бойынша Қазақстанның және шетелдің ғылыми-сарапшылық қауымдастығы, беделді халықаралық институттар мен ұйымдардың басшылары, діни көшбасшылармен серіктестікті дамыту жөніндегі кешенді жұмыс күшейтілген.

Сонымен қатар, Болат Сәрсенбаев Орталық тарапында орналасқан және қызметі дінтану сараптамасы мен ғылыми-тәжірибелік діни зерттеулерді жүргізуге, діни жағдайларды бақылауға бағытталған Діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институтымен жүргізіп жатқан жұмысқа тоқталды.

Ерекше назарды Н. Назарбаев орталығының басшысы ағымдағы жылы XIX Съезд Хатшылығы отырысына дайындық сұрақтарына, 2022 жылы алдағы VII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу маңыздылығына, сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында Орталықтың халықаралық іс-шаралар жоспарларымен бөлісті.

Болат Сәрсенбаевқа шын алғысын білдіре, VI Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің және Съезд Хатшылығы жұмыс тобының қатысушысы, Мухаммад аш-Шаххат аль-Жинди, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты күшейтудегі рөлдерін ерекшелеп, сонымен бірге, тиімді қарым-қатынастарды дамытудағы оның жеке қызығушылығы мен бүгінгі кездесудің табысты арақатынасты болашақта нығайту үшін жақсы мүмкіндік екендігін атады.

Тараптар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің идеялары мен шешімдерін жылжыту, ортақ ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру, дін саласында өзекті мәселелер бойынша университет студенттері және түлектерімен сарапшылық кездесулерді ұйымдастыру мақсатында Серіктестік туралы меморандумына қол қоюға келісті.

Кездесу нәтижесінде, Болат Сәрсенбаев Мухаммад аш-Шаххат аль-Жиндиді ағымдағы жылдың 17 мамырында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде өтетін «Ислам мен адамзат: кеше, бүгін, ертең» халықаралық фотокөрмесінің ашылуына қатысуға шақырды.

Айта кетсек, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің идеяларын насихаттау және серіктестік қарым-қатынастарын орнату мақсатында Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев ағымдағы жылдың 11-17 мамыр аралығында Алматыға жұмыс сапары барысында Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу және мемлекеттік емес ұйымдарының басшыларымен, бұқара ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесулер өткізуде.