Жаңалықтар

Ұлы Жеңіс күнімен құттықтау!

Бөлісу

Құрметті достар!

Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

9 мамыр - батылдықтың, Отан алдындағы адалдықтың және ерліктің белгісі.

Әкелеріміз бен аталарымыздың өлмес ерлігінің арқасында біз бейбіт аспан астында, Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүрудеміз және еліміздің жарқын болашағына сенеміз.

Сұрапыл соғыстың қиын күндерін естен шығармай, аға буынның бейбітшілік пен келісімді сақтауға қосқан баға жетпес ерліктерін ұмытпау - біздің қасиетті парызымыз.

Біздің барлық жеңістеріміз бен жетістіктеріміздің басты кепілі - бұл халықтың бірлігі екендігі сөзсіз.

Барлық қазақстандықтарға амандық, татулық пен береке тілеймін!

Ізгі тілекпен,

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы

Болат Сәрсенбаев