Жаңалықтар

Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Палестинаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Монтасер Абу Зейдпен кездесті

Бөлісу

Бүгін, 6 мамырда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Палестина Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Монтасер Абу Зейдтің қасиетті Рамазан айының құрметіне ұйымдастырған ифтарға қатысты.  

Кездесу барысында тараптар бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуге, өркениетаралық және дінаралық диалогты дамытудағы екіжақты қатынастардың жай-күйі мен келешегін талқылады.

Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев биыл Қазақстан мен Палестина арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 29 жыл толғанына назар аударды. Осы уақыт аралығында екі ел толық өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа негізделген достық қатынас орнатты.

Кездесу барысында Н.Назарбаев орталығының басшысы орталық қызметінің басым бағыттары туралы, 2021 жылы өтетін Съез Хатшылығының ХІХ отырысына және 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне дайындық туралы хабарлады. Сондай-ақ алдағы уақытта Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Орталықтың халықаралық іс-шаралары туралы баяндады.

Палестинаның Қазақстандағы Елшісі Монтасер Абу Зейд әлемдегі конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайтудағы Елбасы Н.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың рөлін жоғары бағалады, сонымен қатар Съез Хатшылығының ХІХ отырысына, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне дайындық жұмыстарының шеңберінде қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар, тараптар Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаевтың биылғы жылдың шілде айында Палестина тарапымен қарым-қатынасты дамыту және жаңа мүмкіндіктер ашу мақсатында Рамаллаға жұмыс сапарын дайындаудың ұйымдастырушылық мәселелерін талқылады. рухани дипломатия саласындағы ынтымақтастық.

Сонымен қатар, тараптар Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаевтың биылғы жылдың шілде айында Палестина тарапымен қарым-қатынасты дамыту және рухани дипломатия саласындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашу мақсатында Рамаллаға жұмыс сапары мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Қазақстан Республикасының Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып жұмыс істеген уақытындағы ел және Палестина халқы туралы жылы естеліктерімен бөлісті.