Жаңалықтар

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

Бөлісу

Құрметті Отан қорғаушылар!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Отан қорғау әрбір адам үшін қашанда қасиетті борыш саналған және солай болып қала бермек. Ата-бабаларымыздың ерлігі туралы дастандар мен аңыздар дәстүрлі түрде туған жерге деген риясыз сүйіспеншіліктің жарқын мысалы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. 

Бүгінгі таңда Қазақстанның Қарулы Күштері тәуелсіздік кепілі және бүкіл елдің мақтанышы, ал қазақстандық патриотизм - біздің көп ұлтты қоғамымыздың табысты дамуының кепілі. 

Осы батылдық пен төзімділік мерекесінде барлық Отан қорғаушыларға сәттілік, табыс және еліміздің өркендеуі жолында игілікті істер тілеймін!

Ізгі тілекпен,

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы

Болат Сәрсенбаев