Жаңалықтар

Қазақстан халқының бірлігі күнімен!

Бөлісу

Құрметті отандастар!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Біз татулық пен ауызбіршілік, ортақ мақсаттар мен елдегі дінаралық келісімнің арқасында тұғырлы тәуелсіздікті нығайттық, халықаралық қауымдастықта жоғары бедел мен құрметке ие болдық.

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстан елдің көп этностығы мен конфессиялық әртүрлілігін стратегиялық артықшылыққа айналдыра алды.

Бейбітшілік, достық және төзімділік сияқты тұрақты құндылықтар Елбасы Н.Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың конфессияаралық саясатының негізі болды.

Осы мерекеде мен барша қазақстандықтарға бейбітшілік, келісім, зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!

Ізгі ниетпен,

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы

Болат Сәрсенбаев