Жаңалықтар

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы мен «Алматы» телеарнасы ZOOM платформасында кездесу өткізді

Бөлісу

Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев және «Алматы» телеарнасының Бас директоры Нұржан Мұхамеджанова ZOOM алаңында онлайн-форматта кездесу өткізді.

Кездесу мүмкіндігі үшін алғысын білдіре, Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев конфессияаралық және өркениетаралық диалогты күшейтуге бағытталған ортақ жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру мәселелері жөнінде Қазақстанның ең ірі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен серіктестікті дамыту бойынша Орталықтың ауқымды кешенді жұмысы туралы ақпарат берді.

Талқылауды жалғастыра, Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б. Сәрсенбаев «Алматы» телеарнасының Бас директоры Н.Мұхамеджанованы ұйымның басты қызмет бағыттарымен, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңындағы халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру жоспарларымен таныстырып, сонымен бірге, ағымдағы жылы XIX Съезд Хатшылығының отырысы мен 2022 жылы VII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне дайындық жұмыстарына аса назар бөлді.

Одан бөлек, Б. Сәрсенбаев конфессиялар арасында тиімді бейбітшілік пен келісім стратегиясын орнату ісіндегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың еңбегін, сонымен қатар, халықаралық алаңда діндер мен өркениеттер диалогының жаһандық орталығы ретінде елімізді жылжытудағы Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың рөлін ерекшеледі.

Өз кезегінде, «Алматы» телеарнасының Бас директоры Нұржан Мұхамеджанова болашақта серіктестік байланыстарын күшейтуге қызығушылығын танытып, Н. Назарбаев орталығымен жоспарланған халықаралық іс-шаралар бүкіл әлемнің діндері мен өркениеттері диалогының жарқын символына айналатындығына сенім білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы өзара ынтымақтастық орнату және медиа алаңдағы ортақ мақсатты бағытталған іс-қимылдар арқылы дінаралық диалогты жылжыту, соның ішінде ақпараттық-ағартушылық жобаларды жүзеге асыру туралы келісті.

Айта кетсек, қазіргі таңда Н. Назарбаев орталығы Съезд идеяларын насихаттау және серіктестік қарым-қатынастарын орнату мақсатында еліміздің жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу ұйымдары, ірі бұқара ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесулерді ұйымдастыруда.