Бүгін, 20 сәуір күні, жұмыс кездесу аясында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің Төрағасы Ляззат Сүйіндікпен алдағы өзара тиімді серіктестік жоспарларын негіздемелі талқылады.
Талқылаудың басты назары өркениетаралық және дінаралық диалогты дамыту саласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың халықаралық бастамаларын жылжытудағы тығыз байланыс және екіжақты ынтымақтастықты өркендетуге аударылды.
Кездесу барысында, Болат Сәрсенбаев келісім мен бейбітшілікті орнатуға арналған маңызды шешімдерді іздестіруге бағытталған еліміздің көпжақты іс-қимылдарын қолдау мен нығайту бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың сындарлы саясаты шегіндегі Н.Назарбаев орталығының негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындады.
Сонымен қатар, Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Ақпарат комитетінің Төрағасын Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы – Съезд Хатшылығының жетекшісі М. Әшімбаевтың жетекшілігімен өткізілетін XIX Съезд Хатшылығының отырысына және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңындағы халықаралық іс-шараларға Орталықтың дайындық жоспарлары туралы хабардар етті.
Болат Сәрсенбаев халықаралық іс-шараларға дайындық барысындағы Ақпарат комитетімен серіктестік бүкіл жоғарыдағы басқарушы мемлекеттік органмен – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен – қарым-қатынас кешенінде маңызды орын алатындығын ерекшеледі.
Өз кезегінде, Ақпарат комитетінің Төрағасы Ляззат Сүйіндік Н.Назарбаев орталығымен жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыс туралы хабардар екендігін айтып, Елбасы Н. Назарбаевтың бірегей идеясы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін және Орталықтың басқа да халықаралық іс-шараларын ақпараттық қолдау мақсатында алдағы ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ағымдағы жылы болатын XIX Съезд Хатшылығының отырысын кең ақпараттық сүйемелдеу бойынша ортақ медиа-жоспарды даярлау туралы келісімге келді.
Еске сала кетейік, қазіргі таңда Н. Назарбаев орталығы Съезд идеяларын насихаттау және серіктестік қарым-қатынастарын орнату мақсатында еліміздің жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу ұйымдары, ірі бұқара ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесулерді ұйымдастыруда.