Бүгін, 20 сәуірде, ZOOM платформасында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев «Казахстанская правда» Республикалық газеті» АҚ Басқарма Төрағасы Вячеслав Пащенкомен кезекті жұмыс кездесуін өткізді.
Болат Сәрсенбаев сөз басында еліміздің саяси-экономикалық, мәдени өмірі туралы күн сайын өзекті ақпарат тарататын және әлемде Қазақстанның оң имиджін қалыптастыруға үлес қосып келе жатқан, көпжылдық тарихы бар жетекші басылым - «Казправда» газетінің маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты, ортақ ақпараттық-танымдық жобаларды іске асыру, оның ішінде авторлық мақалалар мен Съездің беделді қатысушыларының сұхбаттарын жариялау өзекті болып табылатынын жеткізді.
Кездесу барысында, Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Орталықтың негізгі бағыттары мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілетін жоспарлы іс-шаралар туралы қысқаша ақпарат ұсынды. Сондай-ақ, биылғы жылы өтетін Съездің ХІХ Хатшылығы мен 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін өткізуге дайындық жұмыстары туралы баяндады.
Сонымен қатар, Болат Сәрсенбаев Елбасы Н.Назарбаевтың Әлемдегі дәстүрлі көшбасшыларды бір елге жинау идеясына тоқталып, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бейбіт өмір саясаты мен конфессияаралық қатынастар саласына көрсеткен қолдауын атап өтті.
Өз кезегінде «Казахстанская правда» Республикалық газеті» АҚ Басқарма Төрағасы Вячеслав Пащенко газет қызметінің негізгі аспектілеріне тоқталып, фотокөрмелер мен Орталықтың жобаларына, қызығушылық танытып, жалпы, бұдан әрі бірлесе жұмыс атқаруға ниетті екенін білдірді.
Еске сала кетейік, қазіргі кезде Н.Назарбаев орталығы серіктестік орнату және Съездің идеяларын насихаттау мақсатында, елдің жетекші жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар, отандық жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесулер өткізуде.