Жаңалықтар

Қазіргі жастардың санасы мен дүниетанымына діннің әсері

Бөлісу

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы Әдістемелік жұмыс департаментінің аға сарапшысы Ж.Д. Мазанның мақаласы

Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Ал жастар болса коғамның негізгі қозғаушы күші. Жастардың дінге деген көзқарасы, түсінігі тәрбиеден басталады. Сонымен қатар, дінге деген көзқарастар да әр кезеңде, әр қоғамда сан алуан болып келген. Ал діни ұстанымдар негізінде қалыптасқан сенім жастардың қоршаған ортамен, басқа адамдармен санасы мен дүниетанымы бойынша жас деңгейіне (22-29 жас аралығында) байланысты қалыптасады. Жастардың үлес салмағы халықтың жалпы санының 27,8%-ын, яғни 4,5 миллионнан астам адамды құрайды. Олардың 700 мыңнан астамы – студенттер. Бұл ретте ауылдық жерлердегі 46%-ды құрайтын жастарға қарағанда 56%-ды құрайтын қала жастарының саны басымырақ. Ал, жастардың дүниетанымымен санасындағы дін жалпы алғанда, әлемдік тарих пен мәдениеттің ажырамас бөлігі 37%, ұлттық дәстүр 17%, рухани тазару мен құлшыныстың қайнар көзі 42%, салттар мен ритуалдардың жиынтығы 4%. Жастар қоғаммен әрдайым тығыз қарым-қатынаста болады. Сол сеніммен жастар әлемді таниды, өмір жолын таңдайды, мінез ойын дағдарысын қалыптастырады. Жалпы адамзат тарихына көз салсақ, діннің санаға әсер етуші рөлі бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Сондықтан дін туралы жалпы ақпаратты білуге, діндердің түрлерін ажыратуды әрбір жас адам танып білу қажет. Қазіргі заман жастарына басты қауіп қатер деструктивті діни ағымдар тарапынан болуда. Себебі, діни ағымдар өз қатарына адамдарды, әсіресе жастарды баулап алу үшін, жастардың психологиялық, психикалық жай күйін бақылап, талдау жасау арқылы  қолдарындағы DARNETжәне DEEPWED бағдарламалары бойынша бар мүмкіндікті пайдалану арқылы ғаламтор желісенде сапалы түрде ақпараттық материалдар жасайды (аудио, видео, сурет, жаднама, тренингтер, коучингтер және т.б.). Қазір барлық адамзаттың ғаламтор желісін қолдануы заңдылық. Әсіресе, жастар үлкен буын өкілдеріне қарағанда ғаламтордың мүмкіндіктерін жетік меңгерген. Сондықтан, олардың осындай амалдар арқылы өзіне тартатын деструктивті ағымдардың әсеріне ұшырау қауіпі жоғары.

Жастардың әлеуметтік демографиялық топ ретінде өзіндік, соның ішінде рухани сипаттағы ерекшеліктеріне біршама тоқталсақ. Көпшілік өмірдің рухани негіздерін іздеу, өмір сүрудің мән мағнасы туралы сұрақтарға жауап іздеу жолында дінге келеді. Ал танымал американдық психолог Роберт Чалдани «Әсер ету психологиясы» тұжырымдамасы негізінде сана мен дүниетанымның бірнеше түрін белгілеп, айқындап көрсеткен. Олар сендіру, пікір, ықпал ету, мәжбүрлеу деструктивті сын, манипуляция және тағы басқа әдістер арқылы санаға әсер ету. Жастардың дінге көзқарасы ең алдымен оның дінге алғаш рет қай тұрғыда бетпе-бет келгеніне (жеке өзі, отбасылық дауда және тағы басқа) оған эмоционалдық жағынан қалай әсер еткендігі, сол барлық ақпаратты санасына қалай сіңдіргендігіне байланысты.

 Сонымен қатар жастардың діни идентификацисының қалыптасуындағы ендігі маңызды факторлардың бірі - діни дүниетанымның, сананың қалыптасуына ерекше әсер етуші факторлар болып табылады.

- Бұқаралық ақпараттық құралдар – қазіргі «Ақпараттық ғасыр» кезеңде бұқаралық ақпараттық құралдар қоғамның дамуында маңызды орын алып отыр. БАҚ түрлі саладағы өзекті ақпараттарды тарата отырып, қоғамдық санаға, жалпы қоғам мен жекелеген адамдардың мінез-құлқына әсер етеді. Ғаламтор жүйесінің қазіргі жастар арасында әлеуметтік желілер арқылы түрлі қауымдарға тартып отырады. Діни веб-сайттар да қарқынды әрі интенсивті қызмет етуде. Міне осы тұрғыдан БАҚ жастардың діни дүниетанымы мен санасына ықпал етуші факторлардың бірі.

- Қоршаған ортасы, достары – қоғамның жеке тұлғасы ретінде адам қоғамның өзге де мүшелерімен байланысқа түсетіндігі белгілі. Отбасынан басқа, жастар мектептегі сыныптастармен, тұратын мекеніндегі көршілермен, жоғарғы оқу орнында топтастарымен және т.с.с. адамдармен қарым-қатынасқа түсе отырып, араласып өмір сүреді. Осы себептен де, діни идентификация үдерісінде маңызды рөл атқаратын келесі факторлардың бірі деп достар әлеуметтік тобын айтамыз.

- Діни қызметкерлермен араласу – қарастырылып отырған мәселе діни дүниетанымның қалыптасуы болғандықтан, сонымен бірге діни дүниетанымның қалыптасуы барысында жастардың ішкі күйзеліс секілді сәттерде отбасы мен достарынан таба алмаған жауаптарын діни қызметкерлерге келіп жүгінетіндігін жоққа шығара алмаймыз. Діни қызметкерлердің кеңесіне жүгіне отырып жастар діни қызметкерлермен белгілі бір байланыс орнатады. Осының өзі діни дүниетанымға ықпал етуші фактор болады.

Діни экстремизм мен терроризімнің кеңінен таралуы осы жағдайдан пайда болып жатады. Олар өмірде әлеуметтік тұрғыда қандай жағдайға ұмтылу керектігін, сол бағдарламаланған мақсаттарды қандай тиімді жолмен іске асыру қажеттілігін, неге қуанып неден қашу керектігін шешеді. Тәжірибесіз жас діни ойындар мен соғыстардың «ойыншысы мен орындаушысына» қалай айналып кеткенін өзі де түсінбей, сезінбей қалады.

Қазіргі таңда дін мен психология салалары бір-бірімен тығыз байланысты десек артық еместігі сөзсіз. Діни ағымдарға бас сұғып сол жолда өздердерін құрбан еткен жандар айтарлықтай біршама. Жалпы адамды сан-қилы жақтарынан анықтау үшін санасында қандай көкейтесті мәселесінің білуін анықтауда гуманистік психологияның өзіндік рөлі үлесі бар жеке адамды дәстүрге сай құрылымда зерттеп, оның психодинамикалық интеракционды құрылымды динамикалық экспериментті емес типіне жатқызуға болады. Негізінен адамнын ішкі дамуымен, өзіндік сана мен ойлануына мән беріп оларды кеңірек сипаттаған жөн.

Мәселен, 2020 жылы өткен «Жусан гуманитарлық операциясы» негізінде елімізге 600 астам азаматтарымыз соның ішінде жастар елге қайтарылды. Ол адамдармен дәрістер, кеңес беру, психологиялық тренингтер, және т.б. оңалту жұмыстары жүргізілді. Ал, Дін істер комитеті және Дін істері басқармалары мен Дін мәселелерін зерттеу орталықтарының тарапынан, жастардың санасы мен дүниетанымына нұқсан келетін әдебиеттер, газет – журналдар, СD, DVD, форматтарғы дискілерге, жады құрылғыларына, жеке парақшалар мен сайттарға арнайы дінтану сараптамасы жасалып, оны қоғамға таратуға болатыны не болмайтыны жайлы қортындылар беріледі. Бұл қауіп-қатерлер мемлекеттік органдар мен орталықтар жағынан нақты шешімдердің болуын талап етеді.

Дәл осы себепті жас буын – бұл халықтың, мемлекеттің, жер шарының болашағы. Оған үміт артады, олардан батыл әрекеттер мен идеялар күтіледі. Осы себепті де жастардың рухани-өнегелік тәрбиесі мен жетілуіне аса мән беру қажет. Жастар – қоғамның қалыпты қызмет атқаруы үшін қажет ашық, жас ерекшелігіне ие үлкен топ. Сол себепті, жастар мәселесі бүкіл қоғамның мәселесі. «Қоғам – жастар» қатынас жүйесі тұтас пен бөлшектік диалектикалық өзара қатынас үлгісін көрсетіп береді. Қоғам тиісті жастар типін қалыптастырса, сәйкесінше, жастар қоғам үрдісі мен болашағын айқындайды. Қоғамның жастар мәселесіне алаңдаушылығы жас адамның әлеуетінің (оның интеллектуалы, руханилығы, білімділігі, ұлттық менталитеті, отан сүйгіштігі және т.с.с.) дамуына жағдайлар жасау, сондай-ақ, салиқалы гуманды (адамсүйгіштік) жастар саясатын жүргізіп отырғандығын білдіреді. Мұндай көзқарас жастар мәселесін тереңірек түсінуге, сонымен қатар, жастарға халықтың іштей бір текті емес, ерекше қоғамдық топ ретінде сараланған қатынас жасауға ықпал етеді. Қоғам мен мемлекет дамуының бір шарты жастардың осы кез бен болашақтағы өміршеңдігі болып табылады. Жас ұрпақтың ұстанған бағыты, оның келбеті, дүниетанымы, психикалық денсаулығы, саналы ғұмыр кешуге деген ынтасынан қоғам мен мемлекеттің тұтас дамуы анықталатындығы белгілі ақиқат. Бұл жерде діннің рөлі мен миссиясы сөзсіз маңызды, ол өзінің құндылықтық мазмұны, өнегелік нормалар, ұстанымдар мен ұйғарымдарды жинақтаушылығы арқылы бәсекеге қабілетті тұлғаның рухани өсуі мен үйлесімді жетілуіне айтарлықтай үлес қосады.

Жаңа мүмкіндіктер бар жаһандық кезеңде жастардың санасы мен дүниетанымы ең алдымен отбасындағы рухани құндылықтар мен тәрбиелік жауапкершіліктен бастау алады. Кейін отбасы, мемлекет пен діни бірлестіктер өздерінің атқарып жүрген жұмыстарын одан әрі нығайта түссе, болашақ ұрпақты саналы, сыни тұрғыда ойлай алатын бәсекеге қабілетті, рухани терең құндылықтарды бойына сіңірген тұлғалар ретінде тәрбиелеп шығаруға мүмкіндік береді.