Жаңалықтар

Рамазан құтты болсын!

Бөлісу

Құрметті достар! 

Барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!

Бұл қастерлі ай Исламның маңызды рухани құндылықтарын – жақсылықты, кең пейілділік пен мейірімділікті дәріптейді, адамдардың бірігуіне себепші болып, жүректерді махаббатқа толы етеді.

Ислам бәрімізді бейбітшілікке, бірлік пен тұрақтылыққа шақырады. Оның жасампаз әлеуеті қоғам мен күллі әлемде дәстүрлі құндылықтар мен адамгершілік идеалдарын күшейтуге бағытталған.

Конфессияаралық келісім мен барлық діндердің үйлесімді қарым-қатынасы – Қазақстанның тұрақты және сенімді дамуының негізі.

Қасиетті Рамазан айы барлықтарыңызға бейбіт, бақ-береке мен дәулет әкелсін!

 

Ізгі тілекпен,

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы

Болат Сәрсенбаев