Бүгін, 7 сәуірде Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев Орталығының Басқара Төрағасы Болат Сәрсенбаевтың «Qazaqstan» РТРК АҚ Басқарма Төрағасы Ләззат Танысбаймен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев негізгі жоспарлар мен міндеттерді атап, сондай-ақ Орталықты құру идеясын түсіндіріп өтті.
Болат Сәрсенбаев заманауи серпінді дамып жатқан әлемдегі бұқаралық ақпарат құралдарының үнемі өсіп келе жатқан рөліне тоқтала отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «еститін мемлекет» саясаты шеңберінде Орталық әрдайым «төртінші билік» өкілдерімен диалогқа ашық екендігіне жеке тоқталды.
Сонымен бірге, спикер Орталықтың танымал мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде белсенді қатысуын атап өтіп, медиа кеңістігінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.
Өз кезегінде, елдің жетекші телерадиокешенінің жетекшісі Л.Танысбай Орталықтың жүргізіліп жатқан жұмысы туралы хабардар екенін атап өтті және сонымен бірге Елбасы Н.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер съезін шақыруға қатысты бірегей идеясын ішкі және халықаралық деңгейде алға жылжыту мақсатында Орталықпен өзара әрекеттесуге ниет білдірді.
Іс-шара соңында кездесуге қатысушылар өзара әрі қарайғы ынтымақтастық туралы келісімге келді.