Құрметті достар!
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – ырыс-ынтымақты арттыратын, ұлтты ұйыстыратын, ізгілікті дәріптейтін мейрам. Ол адам және туған жер арасында қарым-қатынастың жаңғыруын, қоғамда келісім мен өзара түсіністікті білдіреді. Халқымыз ежелден бұл күнді жыл басы санап, оны ерекше қуанышпен қарсы алған.
Ел тарихындағы жаңа кезеңмен қатар келген жаңа жылымыз құтты болсын! Көктем мейрамы шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыт әкелсін! Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін!⠀
Ұлыс оң, ақ мол болсын!
Ізгі тілекпен,
Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы
Болат Сәрсенбаев