Құрметті арулар!
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осы мерекелі күні Сіздерге өзімнің шексіз алғысым мен сүйіспеншілігімді білдіргім келеді. Әйелдер қауымы – әрдайым отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы. Еліміздің барлық қызмет салаларында адамзаттың нәзік жартысы қиындыққа мойымай, еселі еңбектері және кәсіпқойлығымен танылып, әр адамның өміріндегі қуанышты әрі жарқын сәттердің көп болуына мол үлесін қосып келуде.
Сіздерге шын жүректен ұзақ жылдарға мықты денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Өмірлеріңіздің әр күні шуақты және жарқын болып, шығармашылық шабыт қуанышын, көңілге жағымды күтпеген сәттер мен жан жайлылығын сыйласын!
Ізгі тілекпен,
Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту
Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы
Болат Сәрсенбаев