Жаңалықтар

Діни лидерлердің тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлі Н. Назарбаев орталығының алаңында талқыланды

Бөлісу

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында халықаралық деңгейдегі тематикалық конференциялар топтамасын іске қосты.

Бүгін «PeaceTalks» дискуссия алаңы шеңберінде «Діни лидерлердің тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлі» тақырыбындағы осы жылғы алғашқы халықаралық онлайн-конференциясы өтті.

Іс-шара жұмысына Қазақстан мемлекеттік органдары мен діни бірлестік өкілдері, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Хатшылығының мүшелері, алдыңғы қатарлы шетелдік сарапшылар және Сауд Арабиясы Корольдігі, Мысыр Араб Республикасы, Ватикан, Үндістан, Ұлыбритания, Ресей Федерациясы, Өзбекстан мен Иран Ислам Республикасы халықаралық ұйымдарының жетекші спикерлері қатысты.

Онлайн-конференцияны ашу барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов қатысушыларға Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының жаңа Басқарма Төрағасы Сәрсенбаев Булат Серғазыұлын таныстырып өтті.

Өз сөзінде вице-министр бейбітшілік пен келісім үшін маңызды жағдай діни көшбасшылардың орын істерін бірлестіру, олардың бір-бірімен шынайы қарым-қатынасы және конструктивті әрекеттердегі қолдаулары екендігін ерекшеледі.

Өз кезегінде, Басқарма Төрағасы Булат Сәрсенбаев онлайн-конференцияның ашылуында бүгін біздің ғаламшарымызда  өркениеттердің қауіпсіздігі мен үйлесімі қатар өмір сүру архитектурасын құру және дамытудың жаһандық болашағына қатысты түрлі көзқарастарымен алмасу мүмкіндігіміз бар екендігін айтып өтті.

«Қазіргі заман сын-қатерлері қауіпсіздік пен дамудың жаңа парадигмаларын құруды талап етеді. Оның негізінде серіктестік, өзара сыйластық, толеранттық және өзара түсінушілік ұстанымдары болу керек. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі бірегей алаң бола тұра, өзін діни көшбасшылар өкілдері арасында диалогты жылжытудағы ықпалды платформасы ретінде таныстырды. Енді бұл қағидалардың барлық жерде ортақ болуы маңызды», – деді модератор.

Халықаралық спикерлер Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі аясында әлемдегі діндер мен мәдениетаралық диалогты ілгерілетудегі Қазақстан Республикасының айрықша рөлін атап өтті. Халед Акаше, Папалық Кеңестің ислам істері бойынша бюросының басшысы және Мухаммед Мехди Тасхири, Иран Ислам Республикасы Дінаралық диалог халықаралық орталығының Төрағасы қазіргі жаһандану заманындағы шындықтар тек дін лидерлерінің ғана емес, сонымен қатар мемлекет басшыларының тұжырымдамалары мен іс-әрекеттеріне де байланысты деген ортақ пікірге келді.

Өзекті сұрақтарды талқылауды жалғастыра сарапшылар әлемдік және дәстүрлі діндердің жаһандық диалогын дамытудағы мемлекеттердің халықаралық бастамалар маңыздылығына тоқталды. Ресей-араб зерттеу және ақпарат орталығының Төрағасы Маджид Абдулазиз ат-Турки және Доркинг қаласы Ағылшын шіркеуінің өкілі Джо Бейли Уэллс қатысушыларды өшпенділік пен төзбеушілік себебінен пайда болған зорлық оқиғаларын болдырмау және мызғымас тұрақтылыққа жетудегі әлемдік қауымдастықтың белсенді әрекеттеріне барынша қолдау көрсетуге шақырды.

Спикерлер пандемия зардаптарына қарамастан дінаралық қарым-қатынастарды күшейтуде мемлекеттер қолдау көрсетіп, рухани құндылықтарды насихаттауда өзінің фундаменталдық және тәжірибелік үлесін енгізу қажеттіліктері туралы ойларымен бөлісті. Осыған байланысты, «Сомайя Видьявихар» үнді ұйымының өкілі, Рудракша Сакрикар әлемде дінаралық диалогты күшейту және оны әрі қарай дамыту діни көшбасшылардың басты миссиясы екендігіне конференция қатысушыларының назарын аударды.

Халықаралық онлайн-конференцияның қорытындысы бойынша қатысушылар дінаралық диалогты нығайту сұрақтары бойынша болашақтағы жемісті серіктестікті, «PeaceTalks» дискуссиялық алаңының шегінде тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеу туралы келісімге қол жеткізді.