Жаңалықтар

Діни лидерлердің тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлі Н.Назарбаев орталығының алаңында талқыланады

Бөлісу

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында халықаралық деңгейдегі тематикалық конференциялар топтамасын іске қосады.

«PeaceTalks» дискуссия алаңы шеңберінде 18 ақпан күні «Діни лидерлердің тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлі» тақырыбындағы осы жылдағы алғашқы халықаралық онлайн-конференциясы өткізіледі.

Іс-шара жұмысына Қазақстан мемлекеттік органдары мен діни бірлестіктерінің өкілдері, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Хатшылығының мүшелері, алдыңғы қатарлы шетелдік сарапшылар және Сауд Арабия Корольдігі, Мысыр Араб Республикасы, Ватикан, Үндістан, Ұлыбритания, Ресей Федерациясы, Өзбекстан мен Иран Ислам Республикасы халықаралық ұйымдарының беделді спикерлері қатысады.

Халықаралық және қазақстандық сарапшылар дүниежүзінде мызғымас тұрақтылық пен келісімге қол жеткізу үшін әлемдік қауымдастықтың күш-жігеріне көмек көрсету, сондай-ақ ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейдегі конфессияаралық диалог пен тиімді ынтымақтастықты нығайтуға діни көшбасшыларды белсенді тарту  мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.

Өткізілу күні мен уақыты: 18 ақпан 2021 ж., 15:00-16:15 сағ.

Конференция форматы: ZOOM алаңында онлайн. Орталықтың YouTube каналында тікелей эфир.